Басты тақырыпЖаңалықтар

Тарихи сәттен – толағай табысқа

 

Біз тәуелсіз Қазақстан үшін маңызы өте зор оқиғаның куәгері болып отырмыз.

Бұған себеп – бүкіл әлемнің назарын Қазақстанға аударған еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи Үндеуі.

Елбасымыз осы Үндеуі арқылы Қазақстан Республикасының тарихындағы жаңа кезеңді бастап берді.

Елбасымыздың дана саясатының нәтижесінде, Тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде Қазақстан Республикасы үлкен табыстарға қол жеткізді. Бүгінде біздің еліміздің шыққан биігіне әлем жұртшылығы қызыға қарайды.

Әрине, бұл табыс бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтарды жеңу үшін күшті Президенттік билік қажет болды. Соның нәтижесінде, біздің жас мемлекетіміз барлық қиындықтарды үлкен абыроймен жеңіп шықты деп нық сеніммен айта аламыз.

Енді, еліміз дамудың жаңа кезеңіне шықты. Сондықтан да, Елбасы ұсынып отырған үлкен өзгерістер – бүгінгі уақыттың талабы.

Мемлекет басшысының айтқандай, Реформалар бағдарламасы – Қазақстан жолын айқындаудың кепілі. Демократиялық даму жолының айқын әрі нақты бағыты.

Билік тармақтарының құзыреттілігін ерікті түрде анықтап беру – барлық әлемнің саяси өміріндегі сирек құбылыс. Конституцияға енгізілетін өзгерістер біздің елдегі демократиялық үрдістің, дамудың даңғыл жолына оң өзгерістер әкелетіні сөзсіз.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы құзыреттілікті қайта бөліп беруі біздің Мемлекет басшысының саяси жүйені демократияландыру курсына деген айқын ұстанымын көрсетеді. Қазақстандық саяси жүйе «Қуатты Президент – абыройлы Парламент – ашық Үкімет» концепциясына негізделетін болады.

Біріншіден, енді, Үкімет халық алдында елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал үшін есеп береді. Парламент Үкіметке өзгерістер енгізіп, министрлерді қызметінен босата алады.

Парламентке белсенді депутаттар жиналады.

Осының барлығы Үкіметтің, министрліктер мен әкімдіктер жұмысының тиімділігін арттырады.

Екіншіден, өкілетті биліктің атқарушы билікті бақылауы – тиімділігімен танылады. Мұндағы әңгіме барлық деңгейдегі әкімдіктер мен жергілікті мәслихаттарға қатысты өрбиді.

Үшіншіден, Қазақстан президенттік басқару жүйесіндегі республика ретінде қалады. Бірақ, Президент өзінің басты назарын сыртқы саясатқа, қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздікке аударса, өзге салалар үшін Үкімет асқан жауапкершілік танытады.

Президент Үкіметтің мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуін, бекітуін өте тиімді тәсіл ретінде қарайды. Ұсынылған бағдарлама саяси жүйені тұрақтандырудың қорын жасақтауға, Үкімет пен Парламент жұмысының маңыздылығын арттыруға және жаһандық өзекті мәселелерге жауап берудің тиімді механизмін әзірлеуге негіз болады.

Мемлекет басшысының Үндеуі бізге нақты бағдар береді.

Біз Ұлт көшбасшысының тапсырмаларын орындау үшін бар күш-жігерімізді саламыз.

Осы жолда Қарағанды облысы тұрғындарының қажыр-қайраты жеткілікті деп сенемін.

Өзгерістерді зерделеңіздер, үн қосыңыздар. Сол арқылы тәуелсіз еліміздің гүлденуіне үлес қосасыздар!

Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ,

Қарағанды облысының әкімі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button