Бас тақырыпБаспасөз мәслихатыБасты тақырып

Тарихи сәт: Семейде алғаш рет әкім сайлауы өтті

Қазақстан тарихында тұңғыш рет облыс орталығының әкімі тікелей сайлау арқылы таңдалды.

Сурет den-der.kz

Қала бойынша 128 сайлау учаскесі ашылды. Оның 110-ы – ашық, ал қалғандары – уақытша тұрғылықты жерінен тыс жүрген азаматтарға арналған жабық учаскелер.

Бірінші рет дауыс берушілерді естелік сыйлықтармен қарсы алды. Зейнеткерлер мен  ардагерлер өз таңдауларын жасады. Жастар Семей әкімін сайлауда үлкен белсенділік танытты. Мұғалімдер әулеті мен Семейден шыққан спортшылар да өз дауыстарын берді.

Бұл – елдің саяси өміріндегі маңызды кезең. Бұған дейін тікелей сайлау тек аудан әкімдері деңгейінде ғана өткізілетін.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button