Архивы зорлық-зомбылық - «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті

Заң күшейді, сана қашан өзгереді?
Бұрынғыдай емес, қазір әйеліне қол көтеріп, балаға балағат айт­қанға заң қатал. Бұл – қоғамдағы әр екінші әйел отбасындағы зорлық-зомбылықтың құрбанына айналып, жағдай ушығып бара жатқаннан соң заңға енгізілген өзгерістерден соң мүмкін болып отыр. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 15 сәуірде қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң 15 маусымда күшіне енді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында құзырлы орган өкілдері аталған заңның негізгі ережелерін түсіндірді.

Коллажды жасаған А.Рахымжан

– Зорлық-зомбылық мәселесі қазіргі өзекті мәселенің бірі. «Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген жақсы сөз бар. Өкінішке қарай, қоғамдағы әр екінші әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны. Себебі, бұл әлеуметтік мәртебесіне, жасына, ұлтына бөлінбейтін кесел, – дейді Қарағанды қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Бауыржан Мұхамеджанов.

Полиция полковнигінің айтуынша, жалпы, қылмыстан зардап шегетіндер­дің 90 пайызы – әйелдер мен балалар. Өкініштісі, жәбірленушілер полиция келген кезде өтініш беруден бас тартатындығында. Мәселен, биылғы бес айда полицияға күйеуінен зәбір көрген 2113 хабарлама келіп түссе, 1383 адам арыз жазудан бас тартқан. Тек, 730-ы ғана шағым жасаған.

– Бұл көбінесе жәбірленушінің материалдық және моральдық тәуелді жағдайына байланысты. Сондай-ақ, балаларын ойлаған әйелдер үйдегі абьюзер күйеулерінің үстінен арыз жазудан бас тартады. Жаны қысылғанда полиция шақыруын шақырады да, өздерін ойламай, айнып шығады. Бірақ, қазір бұл мәселе де шешімін тапты. Яғни, отбасында жанжал шығаратындарға шара да күшейтілді. Әкімшілік және қылмыстық іс жүргізу жәбірленушінің өтінішінсіз ақ бастала береді, – дейді Бауыржан Қараханұлы.

Отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында биыл 27-29 маусым аралығында облыс бойынша «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы өтуде. Оның аясында құқық қорғау органдарының қызметкерлері әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне назар аударып, тиісті шаралар қабылдайды. Одан бөлек, күнделікті қайта жасалған өтініштерге, сондай-ақ, дағдарыс орталықтарына бірнеше рет жүгінген әйелдер ерекше назарға алынады.

Бауыржан Қараханұлы зорлық-зомбылықпен қоғам болып күресу керектігін айтады.

– Барлық мүдделі органдармен бірлесе отырып, әйелдер мен балалар үшін қауіпсіз және бейбіт ортаға қол жеткізуге тиіспіз, – дейді ол.

Ал, Қарағанды қаласы полиция бас­қармасының тергеу бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Дәу­рен Бөпеев заңның негізгі бөліктерін түсіндірді. Атап айтқанда, бұдан былай Қылмыстық кодекс бойынша денсаулыққа ауыр және орташа зиян келтіргені үшін жауапкершілік күшейген.

– Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігі бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Бұл үшін бұған дейін тек бас бостандығы шектелетін. Ал, 107-баптың 2-бөлігі, яғни, кәмелетке толмағанның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргендер үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, – дейді Дәурен Балғашұлы.

Полиция подполковнигі кәмелетке тол­маған адамды зорлағаны үшін жауапкершілік күшейгенін де айтты. Бұл үшін Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1-бөлігі бойынша өмір бойына бас бос­тандығынан айырылады.

Қылмыстық кодекс жаңа 121-1 баппен толыққанын да айту керек. Ол бойынша көрінеу он алты жасқа толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы ұсыныстармен, оның ішінде Интернет желісін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған ұсыныстармен немесе тиісушілікпен ұштасқан сексуалдық сипаттағы әдепсіз әрекеттерді жасауға жол берілмейді. Ол үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Сообщение Заң күшейді, сана қашан өзгереді? появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Қарағандыда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған акция өтуде
Қарағанды полициясы қоғамдық орындарда «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңның күшіне енгенін хабарлап,  ол  үшін жазаның күшейгені туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ олар тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына дағдарыс орталықтары, психологтар мен заңгерлер көмек көрсететінін түсіндірді.

Сурет пен видео облыстық ПД

– Мұндай шараларды жиі өткізіп тұру керек, адамдар жақынын ұрғанның жазасы барын, құзырлы қызметке жүгіне алатынын білуі керек, – деп өз ойын бөлісті қарағандылық Виктория Лисневская.

Ал, тұрғындар алдында сөз алған полиция бөлімінің мамандары:

– Жақындарыңыздың, көршілеріңіздің немесе достарыңыздың бақытсыздығына бей-жай қарамаңыз, оларға көмектесіңіз, көмек қолын созыңыз.  Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы үндемей қалуға болмайды, – деді.

Акцияға полицейлермен  бірге Қарағанды қаласының Отбасын қолдау орталығының мамандары қатысты.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Сообщение Қарағандыда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған акция өтуде появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Буллингті кімдер жасайды?
Ұлттық Құрылтайда Президент өскелең ұрпақ тәрбиесіне тоқталды. Қоғамдық денсаулық сақтау мамандарының мәлімдеуінше, қазақстандық жасөспірімдердің 13%-ы, шамамен әрбір 8 жасөспірімнің 1-еуі кибербуллингке ұшырайды. Жасөспірімдердің шамамен 11%-ы немесе 9 жасөспірімнің 1-еуі басқа балаларға киберәлімжеттік жасаушылар тобына қатысқан.

Сурет baigenews.kz

Ұлт бейнесі – тәрбие көрген, ғылым мен білім қуған, әлемді өз күшімен бағындырған жас ұрпақтан байқалады. Әрбір ұрпақтың санасында ұлтына, жеріне деген шексіз махаббаты болуы керек. Қазір «заман талабына сай» деп, балаға шектеу қоймайды. Соның әсерінен смартфонға байланған жас ұрпақ өсіп келеді.

Осы орайда Қарағанды қаласы №50 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі Бибігүл Кәрібайқызының пікірін білген едік.

– Бастауыш сынып мұғалімі ретінде буллингке ұшыраған оқушыларды әлі кездестірмедім. Ұстаз ретінде буллингке жол бермеудің барлық әдіс-тәсілдерін қолданып, мұндай жағдай орын алмауын қадағалаймыз. Тәрбие мектептен емес, тал бесіктен басталатынын ұмытпаған жөн. Ұстаздың басты міндеті – оқушыға сапалы білім беру, болашақ маман иесі ретінде дұрыс жолға бағыттау. Сондықтан, мектепте орын алған тәртіпсіздікке ұстазды кінәлау да орынсыз. Себебі, әр баланың жанында болып, оған дұрыс тәлім-тәрбие беретін ата-анасы бар. Кейбір отбасыларда орын алатын жанжал, ұрыс-керістің әсері балаға тиюі мүмкін. Тіпті, ата-анасы көңіл бөлмегендіктен балалар арасында бір-біріне қатыгездік сынды қоғамға жат әрекеттер мектеп қабырғасында орын алады, – дейді Бибігүл Кәрібайқызы.

Көпшіліктің айтуынша, мектеп оқушыларының арасындағы зорлық-зомбылық, қысым, әлімжеттік – зиянды ақпараттың көптігінен орын алады. Осы мәселе жөнінде «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының басшысы Индира Жанұзаққызы өз ойымен бөліскен еді.

– Әлеуметтік желідегі ақпараттың қайсы дұрыс, қайсы бұрыс екенін сараптай алмаймыз. Қазір жасөспірімдердің буллингке, зорлық-зомбылыққа жақын тұру себебі де осы ақпараттық алаңдағы жағымсыз нәрселерден. Біз құндылық деген нәрседен ажырап кеттік. Мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдылық, қарапайымдылық сияқты құндылықтар үйде үнемі айтылуы тиіс. Ал, енді қысым, әлімжеттікке ұшыраған балалармен «Сенімен болашақ» бірлестігінің психологтары жұмыс жасайды. Бұл бала неге қысымға, әлімжеттікке ұшырады? Әдетте, қысымға ұшырайтын балалардың досы болмайды. Ол мәселе неден? Досы жоқ болғаннан кейін ол үнемі томаға-тұйық жүреді. Айналасына сенімсіздік танытады. Буллингті әдетте кімдер жасайды? Буллингті өз-өзіне сенімсіз адамдар жасайды. Өзінің бағасын көтеру арқылы, біреуге әлімжеттік жасағысы келеді. Демек, оның үйінде де өзіне мейірімділік жетпей жүреді де, біреу­ге соны жасау арқылы орнын толтырғысы келеді. Әлімжеттікке ұшыраған баламен бірінші ата-­анасы жұмыс жасап, дос болуы қажет. «Балам, қандай мәселе болса да, бірге шешейік, сенің ең жақын досың ата-анаң, яғни біз, қандай жағдай болсын бізге айт, бірлесіп шешеміз, әрқашан сенің қолдаушыңбыз, сенім артамыз» деген сияқты үнемі жақсы сөздер айту керек, – дейді Индира Жанұзаққызы.

Осы орайда бізге бір оқушының анасынан анонимді сұрақ түскенін айта кеткен жөн. Оның айтуынша, баласы анимелермен дос көрінеді.

– Қазір аниме деген үрдіс шықты ғой. Анимелермен ғана дос. Мектепте досы жоқ. Мен ата-ана ретінде баламның мектепте ешкімнен қорлық көрмей, сапалы білім алғанын қалаймын. Егер, мектеп те осындай жағдай орын алса, бірден ұстазға жабу не болмаса ата-анадан жасыру дұрыс емес, – деді оқушының анасы.

Осы мәселе жөнінде біз психологқа жүгінген едік. Оның айтуынша, бала үйінде ешкімнен мейірім көрмейтіндіктен, анимелерді, неше түрлі кейіпкерлерді дос қылады. Соған сырын айтады. Сондықтан, балаға үйде көп көңіл бөлген дұрыс.

Ұлт тағдырына, болашағына алаңдаған Мемлекет басшысы бұл мәселенің түбегейлі жойылуы керек екенін айтқан болатын.

– Мен Президент Әкімшілігіне қылмыс жасағандарды заң жүзінде жазалау үшін осындай жағдайлардың бәрін айрықша бақылауға алуды тапсырдым. Мұндай адамдарға басқа айтар сөзім жоқ. Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура балалардың қауіпсіздігіне қатысты өздеріне жүктелген міндетті дұрыс атқаруға тиіс. Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен мұндай жағдайлардың бәрін тіркеп, маған баяндауы қажет. Қатаң шара қолданамыз. Мектептерде зорлық-зомбылық жасаушыларды басқа жолмен тоқтату мүмкін емес. Білім ошақтарында қылмыстық психологияның таралуы секілді келеңсіздікті түбірімен жою керек, – деді Мемлекет басшысы.

Ұрпақ тағдырына бейжай қарамай, қоғам болып өскелең ұрпақ тәрбиесіне атсалысу – міндет.

Аружан СЕРІКБАЙ,

Қарағанды зерттеу университеті журналистика бөлімінің II курс студенті.

Сообщение Буллингті кімдер жасайды? появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң күшіне енді
Биыл 15 сәуірде Мемлекет басшысы әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заңға қол қойған еді. Кеше осы заң күшіне енді. Жаңа құжаттағы түзетулер мен өзгертулердің жартысынан көбі балаларға бағытталған.

Сурет maqat-tynysy.kz

Оған сәйкес, зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтіледі:

– Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК (738 400 теңге) көлемінде айыппұл, я болмаса, 200 сағатқа қоғамдық жұмыстар, немесе 50 тәулікке дейін қамау

– Адамды ұрғаны үшін 80 АЕК (295 360 теңге) көлемінде айыппұл, 80 сағатты қоғамдық жұмыстар немесе 25 тәулікке дейін қамауға алу.

Сондай-ақ, 15 маусымнан бастап зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы құрылым өз жұмысын бастайды.

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғанын еске сала кетейік.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Сообщение Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң күшіне енді появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Отбасында әркімнің өз орны бар
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына қол қойды. Заңнамада әйелдер мен балаларға қатысты барлық зорлық-зомбылық актілері үшін жауапкершілікті күшейтетін, отбасы институтын нығайтатын нормалар енгізілді. Алайда, ақ отау құрып, ақ адал жарын жұдырықтап, онымен қоймай оны әлеужеліге салып «сүйіншілеген» жұрттың жыры басылар емес. Тіпті,  өзге елде болған оқиғаны да қазақтың қанжығасына байлап беруде. Бүйте берсек, түбі әлемге «әйел ұрғыш әлсіз» болып танылмасымызға кім кепіл?! Айрандай ұйыған отбасының ойранына кім кінәлі? Толығырақ үңіліп, топшылап көрсек…

Коллажды жасаған М.Әйнекова

Еркек пен ердің айырмасы

Ресми мәліметке сүйенсек, жыл сайын отбасындағы зорлық-зомбылықтан көз жұматын әйелдер саны орта есеппен 400 адамнан асып жығылады екен. Ал, облыста былтырдан бері отбасылық-тұрмыстық қылмыстың 24 дерегі тіркелген. Әрине, 2022 жылғы тіркелген 61 деректен азайғаны айтарлық жаңалық.

Атақты Пушкин мұқым елге ақын атымен мәшһүр. Жай ақын емес, сезімтал, жүрегі нәзік, романтик ақын. Сөйте тұра, ол француз офицері Жорж Дантес­пен болған дуэльде алған жарақатынан қаза табады емес пе?! Дуэль дегеніміз – бұл кәдімгі жекпе-жек, қарулы атыс. Расында, А.Пушкин қызуқанды адам болған. Соған байланысты, оның өмірінде орын алған дуэльдер саны өте көп. Бұл оның ақыннан бұрын ең алдымен дүниеден ер болып өткендігінің дәлелі. Тарихтың бұл тарауын мысалға алуымыздың себебі – бүгінгі қазақ қауымының басындағы «ас үй боксшысы» атты нәубеті. Жігердің жанылмай жасуы, отбасылық берекенің қашуы, «еркек екенмін» деп меймананың тасуы.

«Қалыбына қарай қамыры»

Еліміз ер баланы әуелден ел тұтқасы деп біліп, ұсақ-түйек тұрмысқа араластырмай, даланың шаруасына салған. Тіпті, «Он үште отау иесі» деп те тегін айтпаса керек. Бұл әсте ұл баланы 13 жасында үйлендіріп отау шығару емес. Ұл балаға отбасы жауапкершілігін әуелден ескерту, сездіру болар. Көршінің қызы күнделікті күйбеңмен үйге кіре қалса, әкелеріміз «Осы баланы – бала қылып аламыз-ау» деп шешемізге ымдағанын құлақ шалып, қызарақтағанымыз әркімнің есінде. Ұсақталып бара жатқанымыз жасырын болмаса да, дес бермей келеміз. Кейінде қалыптасқан еуропалық көп қағидаттар шабанға қамшы емес, керісінше тосқауыл болғандай. Оның бірі – баланың бетінен қақпау, жастайынан оны «альфа ұрпақ» екеніне сендіріп өсіру. Жас ата-аналардың бұған берілгені сонша, арасында тым өрескел қылықтар да көрсететіні бар екен.

– Қазіргі таңда жас отбасының көбінде әрі кетсе, 2-3 баладан ғана. Біршамасында тек жалғыз перзенті бар. Әке-шешелері ол баланың асты-үстіне түсіп бәйек болады. Әрине, еркелетіп, балаға балалық сыйлағанға не жетсін?! Дегенмен, еркелету өбектеуге ұласып барады. Кей-кейде осында кешке баласын алып кетуге келген жас әкелер ұлдарының ернінен сүйіп, еміреніп амандасады. Құлдыраңдаған құлынын көргенде емешегің үзілетіні анық. Бірақ, ер балаға ерсілеу тәрбие. Осыдан болар, ұл балалардың көбі өзі құралпы қатарластарымен ойнап жүріп, ойыншыққа таласып, тартыса қалса, жігерлілік, батылдық танытқанның орнына тұра «әкеме хабар беріңізші, анама қоңырау шалыңызшы» деп көз жасы дайын тұратыны. Ал, оларға «Жігіт емессің бе?» деп ақыл айту тағы қылмысқа итермелеу екені рас. Тіпті, әке-шешелері сотқа берсе де онысы заңды. Әрине, көксегеніміз төбелес немесе жауластыру емес, ұл баланың ер болып қалыптасуына үлесіміз тисе деген ниет, – дейді «Ботақан» балабақшасы «Қарлығаш» тобының тәрбиешісі Жанна Жаныбекова.

Кейінде елімізде орын алып жатқан отбасылық трагедиялар қос ұшты екені даусыз. Алайда, айтыскер ақын Тілеген Әділовтің ойынша, шаңырақтың шайқалмауы отағасының қолында көрінеді.

– Иттен де еркек күшік туады. Десек те, ол адамның ері бола алмасы хақ. Ең алдымен дүниеге жаралған ер де, әйел де адам болуы керек шығар. Адам болу дегеніміз – ол еркектің ер болып қалыптасуының бастамасы. Ал, тәрбие жүре төселер қалып. Жасымызда үйге жылап келсек, әкелеріміз «Еркек емессің бе?» деп жекіген сөзі желкеңнен түйген соққыдай тиетін. Сонда ол ұрыстан жаныңа батары әкенің жекігені емес. Намысқа тырысып, «Қалайша мен еркек басыммен жылап келдім?» деген тұратын. Асау тайдың үстіне жауып қоя беріп тұрып, «Міне, жігіт, қыс тақымыңды, құлама, әй азамат!» деп арқаландыруының өзі тұтас тәрбие. Ертеде аталарымыз үміт артқан ұлдарын, немерелерін жақсының жанына серік қып ерткен. Ондағы көксегені сол жанның жақсылығын алсын, көзі ашылсын, көпке сіңсін дегені екен. Халық даналығында «Бәйге аттың баласын құлынында қақпа, тайында тартпа, құнанында сақта, дөненінде бапта, бестісінде бәйгеге сал» демей ме?! Бұның астарына үңілсек, «Балаң жетіге келгенше патшадай сыйла, жеті жастан бастап құлыңдай жұмса, он жеті жасынан досыңдай сырлас» деген жатыр. Жас ұлдың үлкен өмірге қадамы ұл болып жаралғанынан бастау алуы керек деп білемін. Мысалы, әуелде ұлдарымызға қарындастарын тапсырамыз. Қазақта ағасы қарындасына көзінің қарашығындай қарайды. Өзіне жетпесе де, қарындасының аузына тосады тәтті-дәмдіні. Міне, қыз балаға, болашақ жарға деген сыйы осы уақытта қалыптаса бастайды. Ал, бұл – ата-ана тәрбиесімен тал бесіктен сіңетін дүние. Ешбір пенде құлаққа нақыл, даналық құюмен көгермейтіні анық. Қалыбы қалай болса, ішіндегі қамыры да солай пісіп шығады. Әр әке ұлына тәрбиені сөзімен емес ісімен берсе, «ата көріп оқ жонатыны» сөзсіз, – дейді Тілеген Елеусізбайұлы.

Ерді ер, еркекті заң тәрбиелейді

Расында, «Ерді тек ер тәрбиелейді» деген рас. Бұл – әкенің, ағаның міндеті. Ал, шаңырақ ішіндегі шалыс басу салдарынан орын алған жағдаяттар кейінде билікті де бейжай қалдырмады. Отбасылық зорлық-зомбылыққа тосқауыл қоюға Президент араласты. Заң шықты, жаза күшейді. Қазір «еркектігімді көрсетем» деп  келіншегіңізге қол көтерсеңіз, құзырлы органдар қолыңыз­ға кісен салып, Заңнамаға сай «қасақана жеңіл зиян келтіргені және ұрып-соққаны үшін» деген қылмыстық жауапкершілікке тартады. Ал, қасақана ауырлығы орташа және денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін жауаптылық күшейтілді. Яғни, сот мұндай қылмыс үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырады. Бұл – заң бұзушыларға, яғни, «әйел ұрғыш ас үй боксшыларына» берілетін жаза. Бұдан шығар қорытынды – ерді ер, ал «еркекті» заң тәрбиелейді. Бір ошақтың басынан аспайтын әңгіме бүгінде түйіні күрделі түйткілге ұласты. Дегенмен, мәселе мәніне үңіліп, ушықтырмай алдын алар амалы жоқ емес.

Ескіде естілік бар

Ажырасу мәселесінде екіжақты ой ұшталады. Отбасында еркекпен бірге  әйелдің де рөлі маңызды қашанда. Еркекті сүйдіретін де, күйдіретін де әйел. Заманауи ата-ана қызы қайтып келіп жатса, жоғалып табылғандай бауырына басады. Олардың көбіне ортақ ұраны «Ішіме сыйған қыз сыртыма да сияды». Бұл – қазақтың түбіне жетер нағыз сұмпайы тәмсілдің бірі.  Бұған семірген қыз оңады деу қате. Атаға ең ауыры «қызы қайтып келіпті» деген сөзді есту еді. Қазір шытынаған ел тағдырынан гөрі, шырылдаған жалғыз қыздың назы өтімді. Бұл да ердің босағаны, тізгін ұстаған қолдың дірілдегенінің белгісі емей немене?! «Байырғы беделді аңсасақ, ескі ережеге құлақ асу керек», – дейді «Аналар кеңесінің» мүшесі, ұстаз Күліш Төлеухан­қызы.

– Бұдан бұрын қазақтың тағдыры таң қалардай мүлде басқа болды деу қате. Алайда, сана мен тәрбие, ар-ұят пен сый бірінші орында тұрды. Ол – ең алдымен ер адамға деген әйелдің сыйы. Бала кезімізде ұзақ сапарға, бәйгеге ат қосуға, асқа, көкпарға кетіп бара жатқан аталардың, ағалардың алдын кесе-көлденең кесіп өтпейтін едік. Алыстан орағытып өтіп, оған да өзімізді кінәлі сезінетінбіз. Құрбы-құрдас арасында да азаматтардың алдын кеспей, ерекше ізет таныту бар-тын. Бұл аз десеңіз, әр үйдің дастарқанында отбасы мүшелерінің өз орындары болушы еді. Атаның, ененің үстел басында отыратын орны жазылмаған заңдылық болатын. Бір істің мәнін білсе де, аналарымыз «Ер­азаматтар айтсын, жасы кіші болса да, жолы үлкен» деуші еді. Бұл – білімсіздік не білместік емес, сыйдың үлгісі. Ерін сыйлаған үйдің баласынан бейсауат қылық шықпайды деп білемін. Билігі әкеде болған үйде қашанда береке бар. Еркек балаларымен қоса жарын да тәрбиелейді. Бұл айтылмас қағида. «Бұған бағынбаймын» деп ертоқымын бауырына алып, айылына қиықтану – надандық. Күйеуін «Ерім» деп сыйлаған әйел әулетте де, қоғамда да құрметке ие. Ер сол сыйға семіріп кетпей, әрдайым құрметіне сай болуға ұмтылуы қажет. Еркегі бос үйді әйелі билейді. Ал, ол бүтін әулеттің тәрбиесіне әсер етеді. Әйел бақытының кілті ерінде. Ердің абыройын асыратын әйел. Бұл екеуі ежелден пазл тәрізді болса керек. Бірінің кетігін бірі түзейді. Сол кетік түзелген шақта тұтас бақытты отбасының көрінісі қалыптасады. Дәл қазіргідей отбасылық жағдайларды ел естіп, көпке әңгіме болуы бұрын болған жоқ. «Қол сынса, жең ішінде қалатын». Ал, қазір ақ үйдің ішіндегі айтуға келмес дауды алты рулы ел естіп отырады. Ұят пен ардың жоғалуы – адамдықтан алшақтаудың басты белгілері, – деп қайырды Күліш Төлеуханқызы.

Таразы

Ескіде қашанда естілік барына тағы да көз жеткендей. Әке мен ананың бір-біріне деген сыйы міне, сол нағыз бала тәрбиесі екенін білсек те, құлақ асуға құлық жоқ. Себебі, ананың көңілі балаға сирек түседі, баланың көңілі де байырғыша далада емес. Ортақ нүктеміз ұялы телефон, үлгі аларымыз батыстың беймарал өмір сүру стилі. АҚШ-та 1960 жылдары қалыптасқан «хиппи» субмәдениетті қоғамының бір мүшесіндейміз десем, артық емес. Бәріміз бостандықты көксеп, жауапкершілік алғымыз жоқ. Бір шаңырақтың астындағы отбасы мүшелері бір-бірінен хабарсыз. Басы біріксе, тек ас-су ішкенде, онда да қолдан телефон, құлақтан құлаққап түспейді. Осындай қоғамда туған ұл-қыздың обалы кімге?

«Біздің даналықта әйелді жұдырықпен тәрбиелеу, яки, бағындыру деген болмаған» дейміз, ол – рас. Ащы суға сылқия тойып, әйелінің «ай» дегенін «айғай» деп қабылдап шапалақ беретін орыс ұлты да қазаққа қырын қарайды. Қайдан білсін, бүгінгі таптың сол кеңестік дәуірдің зардабы, таңбасының тыртығы екенін. Десе де, сана мен салтты баба даналығының ескі ережесіне сай қолдансақ, айдарымызда жел есіп кетпесе де, айымыз оңынан туар еді ғой. Шығыс әпсанасындағы жекпе-жек шеберлерінің мына бір тәмсілі  дәл қазіргі қазақ қауымының әйелі мен еріне қатар айтылғандай. «Күшті болсаң, алдымен өзіңді, іштегі менмендігіңді жеңіп көр!».

Жан АМАНТАЙ,

Ortalyq.kz

Сообщение Отбасында әркімнің өз орны бар появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Жаза күшейтілді, жаза басу тыйыла ма?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Оған сәйкес, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі үшін жауапкершілік күшейтіліп, отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтуға арналған нормалар енгізіледі.

Сурет: ашық дереккөз

Бұдан былай отбасында зорлық-зомбылыққа жол бергендер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» делінетін 73-бабы бойынша жазаланбайды. Зорлықшыл тараптың әрекетінде қылмыс­тық құрамның болуына  байланысты тергеп-тексеру органы мұндай іс-әрекетті Кылмыстық кодекс бойынша саралап, сотқа жібереді.

– Заңға енген өзгерістер – маңызды. Ұрып-соғу мен жеңіл дене жарақатын келтіру бойынша істерді қарау кезінде Қылмыстық кодекс негізге алынады. Яғни, ол 2017 жылы қылмыссыздандырылғанға дейін 108 және 109-бабы бойынша қаралса, заң күшіне енгеннен кейін сол норма қайтып келеді, – дейді «Отбасыға көмек көрсетудің бірыңғай орталығының» жетекшісі, облыстың полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлінісінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Гүлбану Сәтпаева-Алпысбаева.

Заң күшіне енгенде денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені және ұрып-соққаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қасақана ауырлығы орташа және денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін жауаптылық күшейтілді. Яғни, сот мұндай қылмыс үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырады.

Одан бөлек, заңда неке және отбасы, әке болу, ана мен бала институтын нығайтуға негізделген неке-отбасы заңнамасының жаңа қағидаттары, сондай-ақ жалпыадамзаттық, ұлттық, дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарды құрметтеу рухында балалардың адамгершілік және рухани тәрбиесін қамтамасыз ету қағидаты көзделген.

Тағы бір айта кетерлігі, мемлекеттік органдар отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасап қана қоймай, азаматтардың өтініштерін қарау қорытындылары бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат беру міндеті енгізіледі.

Жаңа заңда тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарын құру және олардың жұмыс істеуі мәселелері заңнамалық түрде бекітілгенін де айту керек.

Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу және жәрдемдесу, сондай-ақ өз-өзіне қол жұмсауды насихаттау үшін де енді қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Заң бойынша кәмелет жасына толмағандарға жыныстық сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін де жауапкершілік күшейтіледі. Егер бұған дейін педофилия үшін қылмыстық кодекстің 121-бабы, яғни, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылса, бұдан былай, өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Жас баланы өлтіргені үшін де дәл солай.

Одан бөлек, кәмелетке толмаған баланы ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін де жаза айтарлықтай күшейтілді. Жаңа заңда баланы қорқыту, кибербуллинг үшін де жаза қарастырылған. Кәмелетке толмаған баланы алғаш рет қорқытсаңыз, алдымен Әкімшілік кодекс бойынша жаза аласыз, қайталанар болса, ол – қылмыс.

Ал, білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндетті.

Жаңа заңда 16 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оларда жолақысы болмаған кезде оларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынғанын да айту керек.

Салтанат ІЛИЯШ,

ortalyq.kz

Сообщение Жаза күшейтілді, жаза басу тыйыла ма? появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Қазақстан Парламенті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қабылдады
Сенат депутаттары 11 сәуірде әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңға енгізілген түзетулерді екі оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ortalyq.kz Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.

Сурет: focus-news.net

Заңның мақсаты – әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және басқа да негіздерін жетілдіру.

Заңның негізгі міндеттерінің қатарына:

Заң бойынша Әкімшілік кодекстен Қылмыстық кодекске ауыстыру арқылы денеге ауыртпалық және қасақана жеңіл зиян келтіру қылмыстық жауапкершілікке тартылады;

Сондай-ақ заң 106-бап (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) және 107-бап (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша бас бостандығын шектеу мүмкіндігін жояды.

Кәмелетке толмағандарға қатысты физикалық зорлық-зомбылық пен қатыгездікпен байланысты қылмыстар бойынша тараптардың татуласу мүмкіндігін болдырмайды;

Кәмелетке толмаған адамды өлтіргені, кәмелетке толмаған баланы зорлағаны және күш қолдану әрекеттері үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды енгізеді.

Қылмыстық кодекске 121-1-баптың жаңа бөлігін енгізу арқылы 16 жасқа толмаған адамдарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетуді қылмыстық жауапкершілікке тарту.

Басқа түзетулердің қатарында: неке-отбасы заңнамасының негіздерін дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту және ілгерілету сияқты жаңа қағидаттармен кеңейтті. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың неке және отбасы институтын нығайту, әлеуметтік-экономикалық қолдауды көрсету бойынша енгізілді.

Жалпы, заңда 15 заңнамалық актіге, оның ішінде жеті кодекске және сегіз заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Заңның күтілетін нәтижелері: әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейту, балаларды жыныстық зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейту, өз-өзіне қол жұмсау және жыныстық зорлық-зомбылық жағдайларын азайту, қиын өмірлік жағдайлардағы отбасылар үшін жағдайды жақсарту, арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту, неке және отбасы институтын нығайту.

Айта кетейік, заң жобасында сарапшылардан, әйелдер құқықтары жөніндегі ұлттық комиссиядан, балалар құқықтары жөніндегі уәкілдерден, мемлекеттік органдар мен адвокаттардан тұратын үлкен топ жұмыс істеді. Ақпан айында құжатты Мәжіліс депутаттары қабылдады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Сообщение Қазақстан Парламенті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қабылдады появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Кеңшілік кемшілікті жоя алмай тұр
Күн тәртібінен түспей тұрған мәселе – әйелге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу. Оның жолын кесетін түрлі шаралар қолға алынуда. Соған қарамастан, тамырына түбегейлі балта шаптық деуге әлі ерте. Мүмкін халық талап еткендей, гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін заңнаманы өзгерту жеткіліксіз болар?! Ол үшін, әсте ұлды да, қызды да тәрбиелеу кезінде санасын әлімжеттік туралы ойдан ада қылғанымыз жөн шығар. Бірақ, «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, тереңіне үңіліп, ақылға салсақ, үйдегі ұрыс-керісті көріп өскен, өзге қарым-қатынас моделін білмейтін бүгінгі ұлдан ертең «әйеліңді ұрма!», ал, қыздан «зорлық-зомбылыққа төзбе!» деп талап етудің өзі қисынға келмейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та әр Жолдауында осы мәселеге ерекше тоқталып, нақты тапсырмалар беруде. Одан бөлек, «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында да ішкі істер органдарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаумен шұғылданатын мамандардың штаты қалпына келтіріліп, олардың құзыреті күшейтілгенін айтқан болатын.

Сурет: sud.ua/ru сайтынан

Әлбетте, шаралар нақты нәтиже бермеді десек, артық айтқанымыз. Мәселен, Отбасыға көмек көрсетудің бірыңғай орталығының жетекшісі, облыстың полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлінісінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Гүлбану Сәтпаева-Алпысбаеваның мәліметінше, тұрмыстық қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 22,2 пайызға азайған. Оның ішінде, кісі өлімі – 50 пайызға, орташа ауыр­лықтағы дене жарақатын келтіру – 25,8 пайызға төмендеген.

Одан бөлек, қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инс­пекторлар штаттары енгізілді. Оларға тұр­мыстағы зорлық-зомбылық жасаған құ­қық бұзушыларға қатысты қорғаныс нұсқамаларын өздері шығара беретін өкі­леттік берілген. Сәйкесінше, биылдың өзінде 151 қорғаныс нұсқамасын шығарған.

Елімізде әйелін ұрып, соққыға жыққанға қылмыстық емес, әкімшілік іс қана қозғалады. Атап айтқанда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» делінетін 73-бабы бойынша жазаланады. Ол бойынша құқық бұзушы отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарды сыйламаса, былапыт сөйлесе, қорлап тиіссе, үй тұрмысындағы заттарды бүлдірсе және олардың тыныштығын бұзса, ескерту жасалады, болмаса, бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Ал, баптың тармағы көбейген сайын, жаза да қатаңдай түспек.

Қылмыстық кодексте отбасында орташа және ауыр дене жарақаттарына әкелетін зорлық-зомбылық үшін жаза қарастырылған болатын. Бірақ, 2017 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыссыздандырылды. Қазір аталған кодекстің 108-бабы бойынша денсаулыққа қасақана зиян келтіру мен 109-бабы бойынша ұрып-соғу – бос тұр. Яғни, ол үшін қылмыстық жаза қарастырылмайды.

Аталған баптарды әкімшілік құқық бұзушылыққа ауыстыруға кезінде тұрмыс­тық зорлық-зомбылық жасағаны үшін жазалауға емес, зорлаушыларға айыппұл салуға, олармен тиісті жұмыс жүргізуге болады деп сенген азаматтық қоғам өкілдері де болған еді. Өкініштісі, бұл зорлық-зомбылықтың азаюына ықпал еткен жоқ.

Бірақ, бұл дұрыс шешім болғанын айтады әйелдерге жасалатын тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күнде бетпе-бет келіп, бүге-шүгесіне дейін зерттеп жүрген Гүлбану Сәтпаева-Алпысбаева. Оның да өзіндік себебі бар. Мәселен, кодексте қазір бос тұрған 108 және 109 баптар бойынша қылмыс жасалған соң күдіктіні жедел қамауға алу көзделмеген.

– Себебі, бұл ауыр қылмыс болмағандықтан, санкциялау кезінде жедел қамауға алу көзделмейді. Егер халық талап еткендей, әйелдерге жасалатын тұрмыстағы зорлық-зомбылық қылмыстық сипатқа ие болатын болса, ол қайтадан Қылмыстық кодекстің 108 және 109 баптарына ауыстырылады. Бұл ретте, полицияға арыз жазылғаннан кейін, ол жеке сипатқа ие болады да, жәбірленуші сотқа дәлелдемелерді өзі жинау қажет болады. Бұл, әлбетте, біраз уақытты талап етеді. Ал, сот белгілеген мерзім өтіп кететін болса, іс мұрағатқа кетеді де, зорлық-зомбылық көрсетуші жазасыз қалады, – дейді Гүлбану Ратайқызы.

Подполковник соттың қарау уақыты екі айдан алты айға дейін созылатынын айтады. Ал, бұл уақыт аралығында әйел не ажырасып тынады, не қайтадан табысып, таяғын жеп жүре береді. Ал, отбасындағы жанжал – жедел жауап қатуды талап ететін дүние.

– Жанжалға дер кезінде шара қолдану керек. Бұл жағдайда үш күннің өзі көп. Осы уақыт аралығында жазаланбаудың өзі адамды есерсоқтыққа апарады. Бұл ретте Әкімшілік кодекстің баптарын қолдану дұрыс деп есептеймін. Себебі, учаскелік полиция қызметкерінің өзі жедел әрекет етіп, шара қолдана алады. Бұл ретте кез келген жағдай сотпен дәлелдену керек болғандықтан, полиция қызметкерлерінің өзі зәбір көрсетушіге ешқандай шара қолдана алмайды, – дейді Гүлбану Ратайқызы.

Мәжіліс балалар мен әйелдерге жасалған зорлық-зомбылық үшін заң жобасын Сенатқа жіберді. Депутаттар оны талқылау­да. Егер заң қабылданар болса, отбасында жанжал шығарғандар қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Бірақ, кез келген дүние­нің екі ұшы болатыны тәрізді зорлық-зомбылықты тоқтату үшін әйелін соққыға жыққанның кінәсін дәлелдейміз деп уақыт создырып жүргенде, орны толмас өкініш – өлім санын көбейтіп алмаймыз ба деген де қорқыныш жоқ емес…

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Сообщение Кеңшілік кемшілікті жоя алмай тұр появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Бишімбаев сотта С.Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады
Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін қарау жалғасуда. Экс-министр Қуандық Бишімбаев сот отырысында берген жауабында С. Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады.

Сурет: ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі

– Мен үшін қазір бір нәрсе айту өте қиын. Мен түсінем және ешқандай кешірімнен үміттенбеймін. Бірақ бұл адамдық парызым, құрбан болған жанның туыстары, ата-аналары бар. Оның қайтыс болғанын алғашында түсіну қиын болды.Мені ешкім кешірмейтінін білем, бірақ сонда да айтып отырмын. Мен бұл жағдайларға қатысым бар екенін білемін. Мен кінәсізбін және кінәмді мойындамаймын деп отырғаным жоқ, Салтанатты қасақана, саналы түрде өлтіргенім үшін өзімді кінәлі деп мойындамайтынымды түсіндіргім келеді. Мен бұл орны толмас қаза екенін түсінемін және осы жағдайларға өзімнің қатысым бар екенін білемін. Сондықтан бірінші айтайын дегенім осы шығар, – деді Қуандық Бишімбаев.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Сообщение Бишімбаев сотта С.Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы басталды – тікелей эфир
Елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған экс-Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша басты сот отырысы басталды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Сообщение Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысы басталды – тікелей эфир появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.