Жаңалықтар

Бишімбаев сотта С.Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады

Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін қарау жалғасуда. Экс-министр Қуандық Бишімбаев сот отырысында берген жауабында С. Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады.

Сурет: ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі

– Мен үшін қазір бір нәрсе айту өте қиын. Мен түсінем және ешқандай кешірімнен үміттенбеймін. Бірақ бұл адамдық парызым, құрбан болған жанның туыстары, ата-аналары бар. Оның қайтыс болғанын алғашында түсіну қиын болды.Мені ешкім кешірмейтінін білем, бірақ сонда да айтып отырмын. Мен бұл жағдайларға қатысым бар екенін білемін. Мен кінәсізбін және кінәмді мойындамаймын деп отырғаным жоқ, Салтанатты қасақана, саналы түрде өлтіргенім үшін өзімді кінәлі деп мойындамайтынымды түсіндіргім келеді. Мен бұл орны толмас қаза екенін түсінемін және осы жағдайларға өзімнің қатысым бар екенін білемін. Сондықтан бірінші айтайын дегенім осы шығар, – деді Қуандық Бишімбаев.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button