Бас тақырыпРесми

Қазақстан Парламенті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қабылдады

Сенат депутаттары 11 сәуірде әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңға енгізілген түзетулерді екі оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ortalyq.kz Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.

Сурет: focus-news.net

Заңның мақсаты – әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және басқа да негіздерін жетілдіру.

Заңның негізгі міндеттерінің қатарына:

Заң бойынша Әкімшілік кодекстен Қылмыстық кодекске ауыстыру арқылы денеге ауыртпалық және қасақана жеңіл зиян келтіру қылмыстық жауапкершілікке тартылады;

Сондай-ақ заң 106-бап (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) және 107-бап (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша бас бостандығын шектеу мүмкіндігін жояды.

Кәмелетке толмағандарға қатысты физикалық зорлық-зомбылық пен қатыгездікпен байланысты қылмыстар бойынша тараптардың татуласу мүмкіндігін болдырмайды;

Кәмелетке толмаған адамды өлтіргені, кәмелетке толмаған баланы зорлағаны және күш қолдану әрекеттері үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды енгізеді.

Қылмыстық кодекске 121-1-баптың жаңа бөлігін енгізу арқылы 16 жасқа толмаған адамдарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетуді қылмыстық жауапкершілікке тарту.

Басқа түзетулердің қатарында: неке-отбасы заңнамасының негіздерін дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту және ілгерілету сияқты жаңа қағидаттармен кеңейтті. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың неке және отбасы институтын нығайту, әлеуметтік-экономикалық қолдауды көрсету бойынша енгізілді.

Жалпы, заңда 15 заңнамалық актіге, оның ішінде жеті кодекске және сегіз заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Заңның күтілетін нәтижелері: әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейту, балаларды жыныстық зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейту, өз-өзіне қол жұмсау және жыныстық зорлық-зомбылық жағдайларын азайту, қиын өмірлік жағдайлардағы отбасылар үшін жағдайды жақсарту, арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту, неке және отбасы институтын нығайту.

Айта кетейік, заң жобасында сарапшылардан, әйелдер құқықтары жөніндегі ұлттық комиссиядан, балалар құқықтары жөніндегі уәкілдерден, мемлекеттік органдар мен адвокаттардан тұратын үлкен топ жұмыс істеді. Ақпан айында құжатты Мәжіліс депутаттары қабылдады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button