Архивы Ерсін Мұсабек - «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті

Аға лебізі
Міне, осындай кескілескен кескекті сайыста шаңға көміліп, соңда қалмай, суырылып алға шыға білген Мэлс, Кәрима, Алтынгүл, Ерсін, Ермектердің табысында ешқандай көтерме, қоспа болуы мүмкін емес деп білемін. Бесеуі де болайын деп тұрған емес, болып тұрған сайыскерлер.

Сурет кейіпкердің жеке мұрағатынан

Ең кенжелері Ерсіннің өзінде қаншалықты тапқырлық, сөз аңғарып, алыстан шалатын қырағылық, не мінезінде, не сөзінде көзге оғаш көрініп, құлаққа олақ естілетін еш кінәраты жоқ ерекше шынайылық жатыр. Ерсіндер күні ертең-ақ жұрт соңына ермей, жұртты соңынан ертетін өрен жүйрік болып жатса, таң қалатын ештеңе жоқ.

Әбіш КЕКІЛБАЙ,

«Қазақ әдебиеті» газеті, 1990 жыл, қыркүйек.

Сообщение Аға лебізі появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Мағашты құрметтегені үшін ризамын
1991 жылы ғарыш кеңістігін тұңғыш қазақ ғарышкері ретінде жаулап алған мен, аспан үсті алабынан атамекеніме енді оралған шағым. Елдің ыстық ықыласына бөленіп, киелі Ұлытау өңіріне сапарлап едім. Жезқазған әуежайы. Шексіз құрмет шеңберінде көлкіген көп адамның ішінде ат үстінде мені бір ақын қарсы алған-тын. Ол адамның есім-сойы Ерсін Мұсабек еді…

Сурет кейіпкердің жеке мұрағатынан

Ақын мен ғарышкер. Өзімнің құрмет салтанатыма қолындағы үкілі домбырасымен ат үстіндегі ақтанкер төкпе ақынды тыңдай жөнелгенімде туған жеріммен тылсым бір байланысты сезінгендей күй кештім. Бақ десеңіз бақ деуге тұрарлық көңілқостық ғажайып кездесу еді бұл. Ерсін Кәрібайұлы ат үстіндегі арнауында халқымызға тым қымбат бодаудан бұл­қынып шыққан Бостандық, Рух пен сайын даланың шежіресін шерткендей еді. Оның жүрегінен ауа райының ыңғайына құламайтын сауыты мінезі екендігін аңғардық. Түпкі тегі тегеуірінді. Мық шегедей мығым. Екі талай жерлерде шылбыр тарта алмай қалған ерлердің санын көрдік. Арғымақтың үстінде аңсыраған қырандай, ұлтын бастар ұландай қомданған еді сонда ол. Бірге туған егіздей қос қазақтың ұлын тағдыр төре осылай жолықтырыпты. Шын жүрегінен лекіп шыққан түйдек-түйдек сөз орамдары ғарыш пен жердің, алыс пен төрдің, кеше мен ертеңнің тоғысындай әсер қалдырды. Қос ішекті домбырасының қанатты әуезі маңымыздағы жұртты сілтідей тындырды. Ол егемендігіне қаз тұрған Қазақстанның ұлылығы туралы, асқақ арманды жырлады. Міне, Алаш жұрты. Сенің көл-көсір қуанышыңды жеткізген 17 жасар ақтаңдай ақын осы Ерсін еді…

Осы әсерлі әрі тарихи жүздесуден кейін ақын, журналист, бауыр етім Ерсін Кәрібайұлымен арадағы сыралғы сыйлас­тығымен тереңдеп, нығая бастады. Біз жиі кездесіп, өмір туралы, армандарымыз бен жоспарларымыз туралы әредік әңгімелесіп жүрдік. Ол сыйластығымызға дәнекер қазақтың XX ғасырдың жиырмасыншы редакторы атанған Мағауия Сембай еді. Ерсінмен жолыға қалсақ, ол шығандаған шығармашылығы һақында әдеппен ой бөлісетін. Ал мен оған ғарыштағы ғажайып сапарларым туралы айтып тауыса алмайтынмын. Оның шығармашылыққа деген шексіз сүйіспеншілігі, өнерге деген адалдығы және адам жанын терең түсінуі мені таң қалдырды. Ерсін Кәрібайұлы жай публицист қана емес, айнымас жанашыр бауыр.

2011 жыл. Ерсіннің шаңырағында атұстар өмірге келді. Бұл жыл менің ғарышты бағындырғаныма 20 жыл толған меже-тұғын. Есімін менің құрметіме Тоқтар деп ныспылапты. Сол Бала Батыр 1 жасқа толғанда тұсауын да өзім кестім. Бір қызықтысы, 2 қазан қазақ ғарышкерлері күнінде «Ortalyq Qazaqstan» газетінде күні бүгінге дейін түрлі жарияланымдарды Ерсін Мұсабек мырзаның өзі жазып келеді. Жә, Ерсіннің ел сүйетін, ер сүйетін қасиеті көп қой, шіркін! Бастысы, Ерсін Алаштың ақиық ұлы Мағауия Сембайдың рухани болмысы мен шығармашылығына адалдығынан әсте танған емес. Сөйткен Ерсін бауырымыз да, міне, ердің жасы елуге тұяқ іліктірген екен. Бұл қуаныш орайы сол бір есіл күндерді еске алып, қолыма ерікті түрде қалам алғызды. Оның інілік ізеті, қолдауы мен маған деген риясыз ақ көңілі менің даңғыл жолымда соны күш пен селкеусіз сенім сыйлады. Осындай ілтипаты мен ізеті жоғары ініміз хақында өткен күндердің ізашары ретіндегі пейіл бірдіруді жөн санадық. Егеулі қалам қолға алып, ол саналы ғұмырын, туған жеріне, оның мәдениеті мен дәстүріне деген адалдық пен сүйіспеншіліктің өзгеше үлгісіне айналды…

Тоқтар ӘУБӘКІРОВ,

қазақтың Тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы.

Сообщение Мағашты құрметтегені үшін ризамын появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Көсемсөз көксемсері
Ерсін Мұсабек. Қазіргі Қазақстан көсемсөзіндегі ең ықпалды публицистерінің бірегейі. Өзіне тән сирек стиль иесі. Әр туындысы терең талдауға негізделген сынның әрі әділет қағидаттарына өршіл ұмтылыстың синониміне айналды. Ерсін Мұсабек 50-ге толды дегенде қоғамдық ойдың, журналистиканың сара жолы көз алдымызда көлденең келді…

Сурет кейіпкердің жеке мұрағатынан

Ол 1974 жылдың төлі. Ерсін дегенде еркін деген ұғым тіл ұшына оралатындай. Қаршадай кезінен шығармашылық әлемінің соңына саяқ түсіп, уысындағы уақытын мәнсіз сөзбен рәсуә етіп әлектенбей, өзіндік сара жолын қалыптас­тырды. Оның есім-сойы тоқсаныншы жылдар мен екі мыңның бастабынан бері еленіп, бұқаралық ақпарат құралдарында әрқашан мұқият пысықталған маңызды мәлімдемелерімен, ойының айшықтылығымен әрі өзіне тән батылдығымен ерек. Алда атқарар міндеті көп екендігін жүйке жұлынымен сезінген табиғи талант иесі. Ол бірнеше рет сынға ұшыраған, тіпті, өткір әлеуметтік-саяси мәселелерді көтеруден қорықпады. Қаймықпады. Хош делік. Оның көзқарасында журналистика еркін де тәуелсіз болуы керек деген сенімі селкеусіз. Ерсін шығармашылығындағы тақырып сан алуан. Әсіресе, саяси стратегиялық өлшемдерге өз биігінен ой қосып таразылау екінің бірінің қолынан келе бермесі кәдік. Оның мақалалары көпшіліктің назарын аударып қана қоймай, көбінесе бірқатар реформаларға да себеп болды десек, әсте жаңылыспаймыз.

Дегенмен! Ерсін үшін ең маңызды тақырып Қазақстан жолы болды да, болып та келеді. Қазір қарақұрым жұрт қара құрсақ пен арам қиялдың артын кезіп кеткен кез. Ал, ол көңіл қаламына қазіргі қоғамға не керек, не керексізін тайға таңба басқандай етіп көрсете отыр­ып, құны кетпеген құндылық атаулысының қызғыш құсындай үн қатады. Үн қатпақ былай тұрсын, оны өмірлік кредосына айналдырғалы қашан. Ия, тепкіш-тепкішпен тепеңдеген тіршілік-ай!

Бажайлап зер салсақ, қазақ көсемсөзі ауызша дәстүр атаулысынан қазіргі заманғы қалыпқа дейін ұзақ-сонар жолдан өтті. Тәуелсіздік жылнамасындағы халық сөзі өзінің дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Жаңа да бостан бұқаралық ақпарат құралдарының пайда болуы еркін пікір білдіруге әрі көптеген маңызы жоғары мәселелерді талқылауға соны мүмкіндік ашты. Қаламгерлер қауымы аналитикалық мақалалар сияқты жаңа формалар мен жанрлар ауылына ат басын тіреді. Қазіргі қазақ публицистикасының негізгі тақырыптарының бірі ұлттық бірегейлік пен мәдениет қабаты екендігі аян. Авторлар тарихи мұраны қайта қарастыруға және оның қазіргі заманғы қиындықтар тұрғысынан маңыздылығын көрсетуге бас қойды. Ұлттық мүдде аясы арқылы саясат, экономика және әлеуметтік мәселелер тұғырынан түспейді.

«Орталыққа» бас редактор болып келгелі өзіндік осы позициясынан бір мысқал айныған емес. Осындайда «Редакторы қандай болса, газеті де сондай болмақ» деген сөзіміз тұп-тура Ерсінге арналғандай. Көкірегіне шөккен небір жайлар қаламынан сөз болып саулайды. Оның панорамалық сыр-сипатқа ие жанды жазбалары шым түбіндей тереңдігімен, атамекеніне деген шетсіз-шексіз сүйіспеншілігімен таразыланады. Жазуы жалт етіп жоғалып кететін күшеншек жазармандарды жазалайтын дар ағашы дерсіз. Кейіпкеріміздің аудиториясына келсек, жазған-сызғанын оқырманы ғана емес саяси элита мен ғалымдар да шұқшия назар аударады.

Бүгінде елу деген ердің жасына келген Ерсін Мұсабек журналистердің жас буынының ұстазына айналды. Шерхан Мұртаза, Ақселеу Сейдімбек, Камал Смайылов, Мағауия Сембай сынды алыптар шоғырының шекпенінен шыққан өзі де бүгінде шәкірт ертті қасына. Иә, оның бұл жанкешті еңбегі елеусіз қалмады әрине. Бастысы, қаламының ұшын нұрлы пікірдің алтын шүмегіне айналдырды. Есіл дерті мынау өзі айтпақшы тасыр-ғасырды өзі арқылы, сөзі арқылы ақылға келтіру. Ал, жарымес жалғанның көну-көнбеуі әрине, жұмбақтың жұмбағы.

Ол елуге келді. Былай қарасаңыз, есіл ғұмырының қақ жартысы. Ғұмырының алтын шапақты жемісін теріп жер бақуатты шағы. Ал, өзі бәз баяғы ауыр ой басқан қалпында жұмысын түк болмағандай жалғастыруда. Өткенге де, бүгініне де қарайтын түрі жоқ. Есіл дерті жердің өртеңі, елдің ертеңі! Осындай әнтек ой шырмаған қалпын көріп, мұны қандай құдірет қармап тұр деп өзіміз де таңырқаған едік. Әлде бала кезден дана кезге ұласқан ару арманы тағат таптырмай жүр ме екен. Әлде ақиқаттан көз-құлағын жапқан жұртқа әлдене жеткізгісі келеді ме екен. Әлде әлдеқайдан жеткен тылсым хабарға елітіп, жіпсіз қармала ма екен. Ә, бәлкім көкірегіне көктастай кептелген ғасыр түйткілінің шешімін іздейтін болар. Ол тұсы бізге беймәлім.

Шындығы, Ерсін қоғамға үн қатады, тыңдатады. Ақпараттық алаңда пікірін ортаға салады. Адам һақына алаңдайды. Ұлттық мұраға шұқшияды. Ақтық демі қалғанша ұлтым деген жолдан жоқ іздейді. Кей-кейде атын ұмытып кетердей азаптанса, кей-кейде тәтті ұйқыдан оянғандай, бейіштен бір тұтам гүл алғандай қуанады келіп. Оның есімі отандық баспасөзде адалдықтың, көзсіз батылдық пен кәсібиліктің нышанына айналды. Жетістігі жоқ жеңі бар, мінезі жоқ шені бар алуан-алуан жандар жетіп артылады маңайымызда. Кәрібайұлының ғани болмысы ғазиз жанның жүрегіне егілді. Ол – күрескер! Ол – ақын! Ол – көсемсөз көксемсері! Біздің оған деген бейіліміз осы рәуішті. Балақаздай жем беріп, қолтықтап жүріп дем беріп жүрген шәкірттерімнің төбелі де – осы Ерсін. Ерені де – осы Ерсін! Жаңбыр шайған қарақаттай мөп-мөлдір тұнық дүниелерін көзім шалғанда ізімдегі ізбасарларымның олжасыз емесін көріп жүрегім гүлге оранғандай көркем күй кешемін. Пау-ей, уақыт шіркін тізгін ұстататын емес.

Ашығын айтқанда, Ерсін Мұсабек саналы ғұмырының әр күні мен әр сәтін қоғалы қоғамға сөз құдіреті арқылы қызмет етуге арнаған адам. Оның көсемсөз күншеруіндегі әр жұмысы оқырманын шабыттың бесігіне бөлейді. Ойландырады, толғандырады. Өрнекті өміріне мән-мағына бітіреді. Мерей иесіне алдымен зор денсаулық, шалқар шабыт, шаһқар дүние, түгесілмес жетістік тілейміз. Ерсін, қаламыңның қадір-қасиеті күн санап арта бергей!!!

Зарқын ТАЙШЫБАЙ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор.

Сообщение Көсемсөз көксемсері появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Ай таңбалы АРҒЫМАҚ – өзі
«Ғалым өлеңдері – бүгінгі қазақ лирикасының жаңа беттері.

Бізге керек өлең осы – Бүгінгі Өлең!».

Серік ҚИРАБАЕВ,

академик

Біз қалың оқырманға Алаш жырының Ардакүреңі атанған Ғалым ЖАЙЛЫБАЙДЫ қайталап таныстырғалы отырған жоқпыз. Айтары бар ақынды алқалап қарсы алып, алақайлап оқитын оқырманмен ой бөлісіп, Ғалым ақынның баспадан биыл шығып, Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған «Ай таңбалы Арғымақ» атты жинағына аз-кем шолу жасауды ғана мақсат тұттық. Оның үстіне, Ғалекеңнің өзі де, қуатты поэзиясы да мадақ пікір, марапат сөзге зәру емес. Бетпақдала пұшпағындағы жылқы ауылдан жыр ордасына шауып кірген шағында-ақ мойындалған ақын. «Бетпақдала – таусылмайтын төзімдер» мекеніне «Тұлпарлардың тұяғымен жыр жазып», «Қайыспайтын, майыспайтын сексеуілдің» қызуын қазақ жырына алып келген арда ақынның содан бергі әр қадамы – аға буын мен ойлы оқырман назарында.

Тоқыраған жоқ, түрленді. Сарқылған жоқ, сарқырамаға айналды. Болдырған жоқ, ақпанның ақ боранын соқтырды. «Өрнектеп өлмейтін өлеңмен – Сәуірге сәукеле кигізген» ақын жырлары әлемнің бірнеше тіліне аударылып, алты құрлықты кезіп те кетті. Ғалымның үні ғаламға жетті. Бұл – қазақ жырының мерейі! Осы мерей «Ай таңбалы Арғымақпен» тағы еселеніп отыр. Ал, бірге оқып көрелік…

Суреттер ақынның жеке мұрағатынан

«Шын мәніндегі сұлу поэзияда өнердің басқа элементтері қойындасып жүреді» деген екен белгілі сыншы, марқұм Сағатхан Әшімбаев. Ғалым ақынның әлемі осы сипатты толық еңсеріп тұр. Абыз даланың мелодиясын меңгеріп алған. Қобыз сарыны да, күй құдіреті де, Арқаның ақ самалы да, жылқы мен ақбөкен тұяғының дүбірі де, жусанның жұпары да – Ғалекең жырында. Жинақтағы әр өлеңі әдемі ырғаққа бой ұрып, оқырманын әсерлі әуенге тартады. Осы орайда, «Ай таңбалы Арғымақты» оқып шыққаныңызда бейне бір ұлт-аспаптар оркестрінің концертін тамашалап шыққандай күй кешетініңізді ескерткім келеді. Ақын шығармашылығы жайлы шынайы пікір айтқан қаламдас ағасы Темірхан Медетбектің «Шынында да, Ғалым Жайлыбай шығармалары – бүгінгі қазақ өлеңіндегі шертпе күй. Егіліп отырып ет-жүрегіңді елжіретіп, шым-шымдап сыр төгіп отырып сүйегіңді үгетін оның жырларындағы баппен қағылып, байыппен шертілетін әуенге құлақ қойсаңыз, олай демеске лажың қалмайды» дегені бар. Қолыңыздағы жинақ та – Темірхан көкем айтқан осы пікірді қуаттай түсетін тұтас бір композиция.

«Бозторғайды іздеу» атты өлеңінде:

Талқаның бітсе жүгіңді кім бар тең бөлер,

Керуеннің басын шайтанның оты арбаса…

Ел ауған кезде қайың сауғанды көрген ел

Сағана боздап сарнаса…

Ғаламаттарын естимін күнде ғаламның,

Ей, менің көшім, қисая тартпай жөнге көш!

Арғымақтарын арбаға жеккен заманның

Таңғы бақтарын бұлбұлдың үні тербемес.

Көгіме менің құдіретті байрақ байласын,

Тірі Рухымды көзімен көрсін, сенбесе.

Бабам болжаған бозторғай құсым қайдасың?!

Сәуірге жетем, тәуір боп кетем, ендеше! – деген шымыр шумақтар бар. Автор қоғамның қотырын қасып, әлеуметтік дерттің шипасын іздейді. Бозторғайдың қанатымен кеткен киені аңсайды. Бірақ, бүгінгі дертті қоғамның жалғандықпен жарқ-жұрқ еткен қызыл-жасыл бояуы жоқ. Сол баяғы ежелгі тұрмыс, ескі жұрт. Керуенің де көнеден көшіп, арғымағың да арғы дәуірден арқырап, бозторғай ұя салмаған сағана да бабамның үні болып боздайды. Дерт қана – біздікі. Шеберлік деп осыны айтса керек-ті…

Автордың «майдан қыл суырғандай» тағы бір шеберлігі бүгінгі қазақ қоғамының мұң-шерін, қаны сорғалаған ақиқатын саясиландырмай, біздің ұлтқа ғана тән этнографиялық бояумен беруінде жатыр. «Аттанға айқай қосып, құрыққа сырық жалғау», жалаң ұран, жалған сезім жоқ. Бәлкім, балалығы далада өтіп, «қалаға келіп қартайған» ақынның талғамы, табиғаты ұлттық рең, қазақы бояуды ғана қалайды-ау. Тың теңеу, әсіресіз әсерлі сурет, мерейіңді қандырар метафора, аса нәзік лирикалық сезім, бәрі тұтасып, ақынның көркемдік көкжиегін ажарландырып, суреткерлік деңгейін арттырып тұр.

Мәселен, «Сүт беріңдер!» деген өлеңінде жылқы ауылда өскен ақын ақбөкеннің лағын қолға үйретіп, ақ ұсынған шақтарын сағынышпен еске ала келіп, адамдар арасындағы мейірімнің аздығын емеурін етіп, замандастарын ізгілікке үндейді:

Көктөбеден көктемді күткенінде ел,

Үзік-үзік үмітін үптедіңдер!

Қазақ та бір – киіктің құралайы,

Жаутаңдатпай жапанда сүт беріңдер!

Шарықтасын, шалқысын көкте құсың,

Өзектіге – бір өлім, өтпелісің…

Сүт беріңдер, тірілер, бір-біріңе –

Еріндерің кезеріп кетпеу үшін.

Ал, біз не істеп жүрміз? Бір-бірімізге сүт беріп, ақ ұсынбақ түгілі, «Батыраштың балтасын қойнымызға жасырып» жүр емеспіз бе?! Ғалым ақын сол астамшылығымызды астармен ғана жеткізіп, қотырымызды қанын көрсетпей ғана қасиды.

…Ғалым ақын өлеңдерін талдаудың бір күрделі тұсы бар. Алты-жеті шумақтан тұратын өлеңнің екі немесе үш шумағын ғана таразыға тартып, тұтас өлеңге қиянат жасап алдым ба деген күмәннің жетегінде отырасың. Ақынға «Айару боп елес берген Айжан қыздың» әсем өрілген бұрымын шорт кесіп алып, оның шашының қоюлығы мен қайраттылығын әлдебіреуге дәлелдегендей болады екенсің. Тұтас өлең шумақтарының бір-бірінен ажырамастай байлануы, ажыраса қуаты мен ажарынан айырылып қалатындай өрілуі ол да – шеберлік, ендеше! Мен бұл пікіріммен «Теңіздің дәмі – тамшыдан» деген халықтық қағиданы жоққа шығарғалы отырған жоқпын. Сөз жоқ, Ғалым аға өлеңдерінің кез-келген шумағын оқи салсаңыз, авторының кім екенін өлеңге ынтық қаймананың қай-қайсысы да дөп басып айта алады. Ғалым Жайлыбай поэзиясы – осынша жоғары халықтық ықыласқа ие болған бірегей әлем. Сонда да, Ғалым ақынның жырларын, жекелеген жырларын ғана емес, қолыңызға түсе қалған жинағын толық оқып шығу алтын уақытыңызды зая кетірмейтінін қайталап ескерткім келеді.

Әсіресе, «Ай таңбалы Арғымақты»!

Тиісінше, Ғалекең жырларын талдаудың кез-келген жағдайда жеңіл тұсы да бар. Жинақты олай-бұлай ақтарып отырмайсыз. Кез-келген бетін ашып, көзіңізге іліккен өлеңін алып талдай бересіз. Осы пікірді ой қазанында пісіріп отырып, сәті түсіп жылдағыдан ірі көмір (сортовой) түскен жылғы шешемнің қуанышы есіме түсе кеткені. «Ту-у-у, жақсы болды ғой. Биылғы көмірдің ірілігі сондай, шетінен алып, пешке көмейлете бересің», – деп қуанатын. Ғалекең өлеңдері де – тура сол сортовой көмір секілді. Оқи бересің, бойыңа жылу дарытып, ойыңа ләззат құяды. Әр өлеңіндегі сұлу сурет, айшықты образ, көшелі көркемдік, сүбелі суреткерлік, «суға сурет салғандай» шеберлік Сізді ұмытылмас әсерге бөлейтіні даусыз. Осы тұрғыдан алғанда, Ғалым ағаны мен жаппай қоғам қара көзілдірік киген аласапыран дәуірдегі оқылатын әдебиеттің өкілі дер едім. Міне, поэзияның құдіреті, ақынның суреткерлігі осы болса керек-ті!

«Ғалым Жайлыбай – көргіш, сезінгіш, ерекше түйсігі бар, айтқыш ақын», – депті жазушы Думан Рамазан ақын шығармашылығын кең талдаған «Ардакүрең» атты мақаласында. Мен толық келісемін.

Қобызым зарын қосса қаз үніне,

Жас жуған жанарымның жазығы не?..

Құс сынды сыңар қанат, тұрам қарап –

Қартайған Қаратаудың әжіміне.

Қобызым күңіренсе таңға асығам,

Асқандай асау толқын арнасынан.

Оқимын өткенімді, кеткенімді –

Қария Қаратаудың таңбасынан. «Таңба. Қаратау» аталатын өлеңіндегі осы шумақтар ақынның жіті жанарын, сезімтал жүрегін дәлелдеп тұр емес пе?! Сіз де барғансыз, біз де барғанбыз – сол Қаратауға. «Қартайған Қаратаудың әжімін» кім көріпті? Ақын көреді, сезеді, түйсінеді. Өйткені, ол – турист емес, ақын!

«Туырлықтары – кенептен, керегелері – темірден» Қытайдың киіз үйлеріне той жасап, ас беріп жүрміз. Мақтаймыз және. Ал, Ғалым ақын:

Киізсіз киіз үй көріп тұрмыз,

Уақыттың өкпек суығы.

Көршіден өнер үйреніп тұрмыз,

Желбауы басқа…

уығы.

Киіз бен ағаш – сүйегі, дені,

Сөзіме кім бар таласар?..

Киіз үй біздің киеміз еді

Қазаққа ғана жарасар.

Жүрегімдегі жосиды ма елік,

Жалт ете қалып жанары.

Қытайдан келген осы үйді көріп,

Көңілім босап барады, – деп налиды. Кімнің санасы сергек?

…Поэзия – тазалықтан туатын бекзат өнер. Ондағы ырғақ тербелісі, сезім шынайылығы, елге деген махаббат, жерге деген ықылас – ақын жүрегінің лүпілі. Тербеліс демекші, жаратылыстану ғылымдарында (физика мен математикада) дененің тербеліс күйі, тербеліс заңы деген ұғымдар бар еді ғой. Мен айтар едім, Ғалым Жайлыбай жырлары – қазақ жырының тербеліс заңы деп. Әлемнің ұлы физиктері ашқан жаңалық қандай да бір тербелмелі қозғалыстың уақыт пен үдеу шамасы арқылы сипатталатынын айтады. Сондай-ақ, ғалымдар тербелмелі қозғалыс кезінде бұл шамалар нүктеден-нүктеге өткен сайын өзгеріп отыратынын айтады. Тербелмелі қозғалысқа түскен дене белгілі бір шекті мөлшерге дейін үдеумен барып, кері қайтады. Ал, дененің бастапқы нүктеден ең үлкен шамада ауытқуын амплитуда деп атайды екен. Ғалым Жайлыбай жырларындағы кесек ой, көркем болмыстың уақыт өткен сайын құбылып, үдеуі әлі шекті мөлшеріне жете қойған жоқ. Нүктеден-нүктеге дейінгі аралықта сан алуан түрге еніп, өзінің қазағына қайтып келіп, ой салып жатқан маржан жырлары – үнемі үдемелі тербелістегі қозғалыс. Ал, амплитудасы – ауқымды, ырғағы – сұлу. Сонымен қатар, тербелістің еркін және еріксіз деген екі түрі болады. Еркін тербеліс – дененің тепе-теңдік күйінен ауытқып, ішкі күштің әсерімен болатын қозғалыс. Ғалекеңнің еркін тербелісі – махаббат лирикалары. Өмірге, өнерге, сұлулыққа ынттыққан ақын жүрегі «Ай таңбалы Арғымақша» тулап, «Гүл базардағы Гүлжан қызды» іздеп, Балқантаудағы Балқадишаның әніне елітеді. Башқұрттың қызы Лэйлаға жыр арнап, Гүрзінің ақын қызы Маквалаға сыр ашады. «Кеңгірдің кешінде» кербез сұлуға ынтығып, «Тобылдың толқыны» болып тулайды. Ара-тұра «Арыс жағасынданы» тыңдағысы келеді. Бірақ, Ғалым ағаның сезімі қазіргі хит әндердің мәтіндері секілді «Жүрегіңнің есігін қағып тұрмын, аш, аш» емес:

Қайтарып бір шабыт буған шағымды,

Қарындасым, қалықтатшы әніңді.

Ақан сері боп отырмын, Балқанда –

Қадиша қыз!

Балқадиша кәдімгі…

Ғұмыр осы, өзіңменен бір кешем,

Есігіңе қара құлып ілме сен!

Ақан ағам сенер ме еді, кезігіп,

Балқадиша Балқантауда жүр десем, – деп арлы өлең болып өріледі.

Енді Ғалекең жырларындағы еріксіз тербеліс күйіне ойысайық. Ғалам ғалымдары еріксіз тербеліс сыртқы күш әсерінен болатын қозғалыс деп ортақ тұжырым жасаса қазақтың Ғалымы айналадағы айран-асыр дүрбелеңге елеңдеп, Табиғат-Ананың жан-жарасын жырымен емдегісі келеді. Яғни, еріксіз тербеліске түседі. Бірақ, Ғалым Жайлыбай жырларындағы тербеліс тепе-теңдік күйінен ажырау емес, «Ай таңбалы Арғымақтай» билеп басқан сұлу ырғақ! Сүйінсе де – сол ырғақ, күйінсе де – сол ырғақ!

«Сарыарқа. «Протон» құлаған жыл» деген бұрынғы жинағының да салмағын арттырған шерлі өлеңі:

Еспейді самал таңменен

Шалдыққан шартарабымда.

…Жазира Жаңаарқам менен

Қараорман Қарқаралымда.

Мұң емес – мұқалмас қайғы,

Ғасырдың қауіпті өткелі.

Жусаны жұпар шашпайды

Ақбөкен ауып кеткелі, – деп шемен төгеді. Жазу қалай болғанын бағамдай алмаймын, мына өлеңді оқудың өзі ауыр. «Жусаны жұпар шашпай» қалған Ұлы Даланы Ғалекең жыры жусан аңқытып тұр, бәрібір!

Ана бір жылы бар қазақты жылатқан «Жетім құлыны» да осы жинақта әлі шұрқырап жүр.

…Аудармаларын айтыңыз. Пушкиннен, Наталья Харлампьевадан, Сергей Мнацаканяннан, Роберт Стивенсоннан, Гийом Аполинерден, Маквала Гонашвилиден, Керим Отаровтан тәржімалаған дүниелерін жинақтың «Жылы жел» бөліміне топтастырған екен. Шынымен-ақ, жып-жылы. Негізгі авторлардың түпнұсқаларын түртіншектеп көрдім. Шынымды айтайын, түпнұсқаны қабылдай алмадым. Мүмкін, өрем жетпеді… Оның үстіне, Саханың қызы Харлампьеваның «Түбім – Түмен Түркіден» атты жыры якут тілінен орыс тіліне аударылғаннан (ауд. Марина Ахмедова-Колюбакина) кейін барып қана біздің тілде сөйлеген. Аралық аудармада ақсап қалды дейін десем, Ғалекең аудармасы тамырлас Саха қызын рухтандырып-ақ тұр.

Мен – түркі әлемінен қалған арман,

Түп тамырым Күлтегін даласында таңбаланған.

Алтын дәуірден көкбөрі болып ұлығам –

Шашы ағарған арналардан, – деп төгілтеді Ғалым аға. Қалай болғанда да, түпнұсқаны түрлендіріп жіберген секілді. Ғалекең тәржімалаған қазақша нұсқасын сіңіріп алғаннан кейін бе, әйтеуір, осы жырдың орысшасын қабылдай алмадым. Өзге аудармаларының да біразын түпнұсқамен салыстырып, салмақтап көрдім.

…Ақыры аударма туралы айтып отырмыз ғой, Сіз Ғалым Жайлыбай жырларының өзге тілдерге көркем күйінде көше қалды дегенге сенесіз бе? Мен сенбеймін. Рас, «Қара орамал» поэма-реквиемінің 16 тілге бірден аударылғаны – қазақ поэзиясы үшін орасан олжа, асқақ абырой. Бірақ, жалпылама мән-мағынасы, идеясы аударылған шығар, көркемдігі аттан ауып қалды ма екен деп күмәнданамын. Мысалы, Ғалекеңнің:

Боз көденің боз беткейде тамыры,

Көзімді ашып, шыр еткенде көрген ем.

Ұзататын жанарымның жарығы –

Көштің соңын кеңістікке көлбеген.

Қысқа болды балалықтың ғұмыры,

Бүр жаратын кеудемдегі бүршік-ән.

Құлағымда – арғымақтың дүбірі,

Қара түнге сіңіп барып тыншыған, – деген екі шумағы («Бесін. Бетпақдала» өлеңі) өзге тілге аударыла ма? Аударылатын шығар, бірақ…

Ғалым Жайлыбай – аспан астын жырмен, Алаш рухын ақиқатпен аластаған ақын. Осы жинақтағы «Сұрақ белгісі» поэмасы – осы пікіріме дәлел. Біздің ұлттың ғана емес, бүкіл адамзат баласының ортақ проблемасын батыл көтеріп, алты құрлыққа ортақ шаңырақ көтерген бақандай бақуатты туындысы – осы. Сонау ауыз әдебиетінен бастау алып, жыраулар поэзиясымен афоризмдер Алатауына айналған, Абайдан бастап хатқа түсіп, Мағжан, Қасым, Мұқағали болып жалғасқан рухты қазақ жырының дәстүріне қылаудай қиянат жасамаған эпикалық жанрдағы құдіретті құбылысы да – осы. Құраннан кейінгі құдіретке қол созып, алты құрлық, төрт мұхиттың төрінде алшаң басқан Алаш жырының аршынды һәм жаңа қадамы да – осы поэма!

Мұңайып тұрсам – алыс-жақыннан мұң шақты ел,

Әрі де емес, бері де емес бір сәттер.

Алатын болсаң, нүктесін қойдым жырымның,

Балапандарыма, қанатын қақсын, мұрсат бер! – дейді арлы ақын! Немесе:

Ақ шашты Аналардың пейілін бер,

Кері тартқан кері кетсін кей ілімдер!

Бозторғай қой үстіне жұмыртқалар

Бетіне дүниенің мейірім бер!

Бағыңның сайрап берсе тотылары,

Пендеге басқа байлық не тұрады?!

Жаратқан!

Адамзатта жалғыз тілек –

Тажалдың қайтара көр бетін әрі! – деп, ерекше екпін, терең тебіреніспен жырлайды. Аспан астын ақиқат жырмен аластап, жердің үстін мекендеген жеті миллиард адамға Алладан мейірім сұйрайды ақ тілеулі айбоз ақын!

Ұлт мұратының аяулы арманы, талайлы тағдыры жүк болған «Сұлубайдың әні» мен «Тамакөшкен» дастандарынан да даланы сүйген дана ұл жүрегінің дүрсілі, тарихи сәттердің дүбірі естіледі.

Түйіндей айтқанда, «Ай таңбалы Арғымақ» – бауырынан жарап, бабы келіскен, артық ет, алып-қосары жоқ һас тұлпар.

Арғымағым, арман не, Ай таңбаң бар,

Анық ақын – айтарын айта алғандар.

Ай таңбалы арман да – Ай астында,

Айналайын, меселін қайтармаңдар!

Байғыз бұлбұл болмайды сайрағаннан,

Кешемін деп жүрсің бе қайыра жалған?..

Ақиқатың өлмесе қайда қалған –

Ай таңбалы Арғымақ – Айдай Арман…

Сана құйған саңлағым санаң аруақ,

Бір жыр жазып кетейін саған арнап.

Ай таңбалы Арғымақ Ай астында –

Айдай жүзіп барады ағараңдап…

Мұнда да тағдыр тұр. Ақынның өз тағдыры! Ай таңбалы Арғымақ – өзі! Меселін қайтармаңдар! Ақын өз айтарын айтып, жазарын жазды. Ай таңбалы Арғымақ алтын тұяғының мөрін басты Алаш жырына! Нәрлі өлеңге арлы шешім болсын деп…

Ерсін МҰСАБЕК.

Сообщение Ай таңбалы АРҒЫМАҚ – өзі появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

«Онжылдық перспективалары: ұлттың жаңа игілігі»
Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVIII съезі өтті. Елдік мұратты еңсерген жетекші партияның 20 жылдығына арналған съезд жұмысына өңірлік конференцияларда сайланған делегаттар, Парламент депутаттары, ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшылары, азаматтық қоғамның, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар құрылымдарының, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, бастауыш партия ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, партия ардагерлері қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Ел дамуының онжылдық межесі таразыланған тарихи жиынның негізгі отырысы басталар алдында Елбасы «Нұр Отан» партиясының қазіргі жұмысына, партияны жаңғыртуға және оның тарихына арналған арнайы көрмені аралады. Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқына арналған Жолдау мен «Бес әлеуметтік бастаманың» іске асырылу барысына мониторинг жүргізудің жаңа жүйесі, сондай-ақ партия жобаларын жүзеге асырудың нәтижелері туралы жанжақты мәлімет берілді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысына жаңа «Цифрлық партия» жүйесінің мүмкіндіктері таныстырылды.

Өзінің «Онжылдық перспективалары: ұлттың жаңа игілігі» атты баяндамасында Елбасы Қазақстанның өткен 20 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып, Тәуелсіздік жылнамасындағы барлық оң өзгерістерге ықпал еткен «Нұр Отан» партиясының рөлін ерекше атап өтті.

– Баршаңызды «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! 1999 жылғы 1 наурыз егемен еліміздің жылнамасына партиямыздың негізі қаланған күн ретінде енді. Тарих өлшемімен қарағанда бұл – көп уақыт емес, бірақ біз үшін тұтас дәуірге пара-пар. Ғасырлар тоғысындағы күрделі экономикалық жағдай тез арада дұрыс таңдау жасауымызды талап етті. Тәуелсіздігімізді нығайтып, мықты мемлекет құру үшін бізге батыл әрі маңызды реформалар жасау керек болды. Әйтпесе, өркениет жолына бастайтын әлемдік даму көшінен қалып қоятын едік. Осындай ұлы мақсатты көздеген «Нұр Отан» партиясы халықтың сенімін ақтап, орнықты ілгерілеуімізді қамтамасыз ететін бірден-бір саяси күшке айналды. Сындарлы жылдарда жанымнан табылып, биік белестерді бағындыруға атсалысқан партияластарыма алғысымды білдіремін. Мен бүгін өздеріңізбен бірге атқарған жұмысымызды қорытындылап, болашақ бағдарымыз туралы ой бөліссем деймін.

Ең алдымен, қол жеткізген жетістіктерімізді айшықтайтын нақты фактілерге тоқталайын. Еліміздің экономикасы айтарлықтай өсті. Сыртқы сауда айналымының көлемі 9 еседен астам артты. Қазақстанға шетелден 320 миллиард долларға жуық тікелей инвестиция тартылды. Азаматтарымыздың кірісін 16 есе көбейттік. 141 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Бүкіл елімізде әлеуметтік маңызы зор жаңа инфрақұрылым нысандары бой көтерді. 1 400 заманауи аурухана, емханалар мен амбулаториялар, 2 865 жаңа мектеп, колледждер мен балабақшалар ашылды. Мұның бәрі – бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің нәтижесі. «Нұр Отан» мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға ықпал етіп, сайлаушылардың сенімін ақтап келеді, деп атап өткен Мемлекет басшысы жаңа уақыт алдымыздан жаңа сын-қатерлерді тартып отырғанын, әлем перманентті турбуленттілік жағдайына дендей еніп бара жатқанын айтты. Елбасының айтуынша, бұл жағдай рухымызды түсіріп, болашақ алдында жүрексінуге себеп болмауы тиіс. Кез келген дағдарыс түрлі сілкіністермен қатар жүреді, сонымен бір мезгілде өсуге қажетті кеңістік қалыптастырып, мүмкіндіктер терезесін ашады. Бастысы, дамудың дұрыс бағытын таңдап, қоғамды алға қойған мақсаттарға жұмылдыра білу.

Кез келген экономикалық жетістіктер мен геосаяси жеңістер, әрбір адамның әл-ауқатының артуына әкелмесе, оның үлкен мәні де, құны да болмайды. XXI ғасырдағы мемлекеттердің орнықты даму формуласы мен өркендеуінің құпиясы осында жатыр, деп атап өткен Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі съезд өзінің тапсырмасымен әзірленген, партияның 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасын қарастыратынына тоқталды. Елбасының айтуынша, бағдарлама стратегиялық көзқарастың ауқымды көкжиегін ашады және қоғам мен мемлекеттің алдағы онжылдықтағы дамуының негізгі қырларын айқындайды. Өйткені, алдағы он жыл біздің озық отыз мемлекеттің қатарына ұмтылуымыздағы шешуші кезең болмақ.

Бұл орайда, Қазақстан Президенті біз ұлттық идеямызды басшылыққа алуға тиіс екенімізді айтты. Ал оның базалық құрамдауыштары ұлттық бірлік, бәсекеге қабілетті қуатты экономика, өркендеуші зияткер қоғам, әлемде лайықты құрметке ие ел екені белгілі. Осының бәрі Қазақстанның табысты дамуының негізі болып саналады. Өз кезегінде, Ұлттық бірлік доктринасы төрт тірекке сүйенеді: 1. Ортақ тарих; 2. Ортақ құндылықтар; 3. Ортақ Отан; 4. Ортақ болашақ.

Елбасы бұдан әрі басты басымдық – азаматтардың тұрмыс деңгейін және Қазақстанның дамуын әлеуметке бағдарланған мемлекет ретінде қамтамасыз ету екеніне тоқтала келіп, тіпті, ең күрделі кезеңдерде әлеуметтік міндеттемелердің орындалғанын атап айтты.

Біз даму шығындарын төмендетпей, мұқтаждарға көмектесуге тиіспіз. Биыл әлеуметтік салаға республикалық бюджеттің барлық шығыстарының 45 пайыздан астамы бағытталды. Сонымен бір мезгілде бізде белгілі бір теңсіздіктер мен әлеуметтік бөлікте проблемалы нүктелер пайда болды. Осыған байланысты мен Ұлттық қордан азаматтарымыздың өмір сапасы мен әл-ауқатын арттыруға қаражат бөлу жөнінде шешім қабылдадым. Үкімет осы мақсатқа бөлінетін шығыстарды дұрыс әкімшілендіруі тиіс, деген Елбасы біз қазір үлкен сын-қатерлер мен жаһандық белгісіздік жағдайында өмір сүріп жатқанымызды, жинақтаған қорымыз бұдан да күрделі уақыттарда керек болуы мүмкіндігін ұмытпауды ескертті.

Мемлекет басшысы атап өткендей, әлеуметтік саясат теңгерімді болуы әрі масылдық көңіл күйдің өсуіне жол бермеуі тиіс. Көмек аса мұқтаж жандарға беріліп, атаулы сипатта болуы керек. Бөлінген қаражат әрбір отбасыға және нақты адамға жетуін Елбасы өзі қадағалайтын болады.

Съезде мәлім болғанындай, Президенттің тапсырмасымен партия азаматтарды қатты толғандыратын мәселелерге сараптама жүргізген. Олардың қатарында балалар жәрдемақысын көтеру, көпбалалы отбасылардың жағдайын жақсарту, баспанамен қамту, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту сынды басқа да мәселелер бар. Елбасының айтуынша, оларды шешудегі партияның елеулі үлесі үш бағыттағы әлеуметтік саясатты жүзеге асыру арқылы көрінбек. Бұлар:

1. Табысты арттыру және халықтың аз қамтылған бөліктерін қолдау.

2. Табысы төмен азаматтардың баспана мәселесін шешу және білім беру, денсаулық сақтау салаларын жақсарту.

3. Өңірлерді кешенді дамыту.

БІРІНШІ. Бүгінде қазақстандық отбасылардың әл-ауқат деңгейін көтеру шараларын күшейту маңызды. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1 миллионнан астам азаматтық қызметшілерді тікелей қамтиды, деп атап көрсеткен Мемлекет басшысы 2019 жылғы 1 шілдеден бюджеттік саланың төмен жалақылы жұмыскерлерінің еңбекақысын 30 пайызға дейін арттыруды; аудандық, облыстық деңгейлерде тікелей азаматтармен жұмыс істейтін атқарушы органдардың төменгі қызметкерлерінің еңбекақысын орташа 25 пайызға көтеруді тапсырды. Бұл мақсаттарға 2019 – 2021 жылдары қосымша 980 миллиард теңге бөлінеді.

Елбасы атап өткендей, жүргізіліп жатқан реформаның нәтижесін әрбір отбасы алыс болашақта емес, дәл бүгіннен бастап сезінуі тиіс.

Әсіресе, көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту қажет деп санаймын. Бүгінде елімізде шамамен 340 мың отбасының төрт және одан көп баласы бар. Балалы отбасыларды қолдауға жыл сайын 500 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінеді. Бұл отбасылардың табыс деңгейі әртүрлі. Сондықтан, мемлекет бірінші кезекте табысы төмен көпбалалы отбасыларға айрықша қамқорлық танытып, назар аударуы қажет. Қазіргі кезде мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмекті 111 мыңнан астам отбасы (571,6 мың адам) алады. Аз қамтылған, әсіресе көпбалалы отбасыларды қамту аясын кеңейту үшін Үкіметке атаулы көмек көрсету өлшемдерін ең төменгі күнкөріс шегінен (14849 теңгеден 20789 теңгеге дейін) 70 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көп балалы отбасыларды адрестік қолдау үшін көпбалалы отбасындағы әрбір балаға төленетін ең төменгі төлемді 20 789 теңге көлемінде белгілеу керек. Әлеуметтік көмек тағайындаудың барлық үдерістері барынша жеңілдетілуі және проактивті форматқа көшірілуі тиіс. Осындай отбасылардың жиынтық табысын есептегенде көпбалалы отбасылар мен көпбалалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, мүгедектігі үшін балаларға берілетін жәрдемақы, стипендия сияқты жекелеген жәрдемақыларды есепке алмау керек. Нәтижесінде, 2019 жылы 830 мыңнан астам адам, соның ішінде 550 мың бала атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылады, деп атап өткен Қазақстан Президенті, сондай-ақ, мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршылар мен отбасыларға (тұлғаларға) жәрдемақыны 30 пайызға көтеруді тапсырды. Бұл шара 100 мыңнан астам адамды қамтиды. Оны жүзеге асыруға 2019 – 2021 жылдары қосымша 300 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу тапсырылып отыр.

Бұл ретте, әлеуметтік көмек көрсетудің негізгі қағидаты әлеуметтік келісімшарт және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысуы болып қала беретінін айтқан Мемлекет басшысы әкімдерге әрбір отбасыға баруды және көмекке мұқтаждарды қолдау шараларын өңірлік мүмкіндіктерді ескере отырып, жергілікті бюджет есебінен күшейтуді тапсырды.

Елбасының айтуынша, толық емес көпбалалы отбасыларға үйде отырып жұмыс істеуге жағдай жасау, ал ауылдағы көпбалалы отбасыларға гранттар мен шағын несиелердің жекелеген квотасын бөлу қисынды болмақ. Бұл жұмыстарды Үкімет пен әкімдер «Нұр Отан» партиясымен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп жүзеге асыруы тиіс. Бұл ретте әкімдер мұқтаж отбасыларға көмектің өңірлік бағдарламаларын «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында қайта қарауы керек.

ЕКІНШІ. Білім беру және денсаулық сақтау салаларын жақсарту және баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды да белсендіру керек. Үкіметке негізінен көпбалалылар қатарындағы аз қамтылған отбасылар үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды тапсырамын. Бұл мақсатқа таяу жеті жылда қосымша 50 миллиард теңге жыл сайын бөлу қажет. Сонымен қатар, табысы төмен көпбалалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар үшін баспана алудың қолжетімділігін арттырған жөн. Азаматтардың осы санаттары үшін тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3 пайызбен тұрғын үй қарыздарын ұсынудың жеңілдікті тетіктерін әзірлеуді тапсырамын. Тұрғын үй жинақ банкіне осы мақсатқа жыл сайын 50 миллиард теңге бөлінетін болады, деді Елбасы.

Мемлекет басшысы білім беру саласындағы реформаны қисынды нәтижеге жеткізу керектігін де қаперге салды. Қазіргі заман балаларымыздың бойында жаңа машықтар мен дағдыларды дамытуды талап ететініне тоқталып, бұл тұстағы табыстылықтың жиынтығы педагогтардың біліктілігін ұдайы арттыру, озық материалдық база мен өзекті оқыту бағдарламасы екенін атап өтті. Елбасының айтуынша, әрбір өңірде кемінде бір озық ЖОО және 10 заманауи колледж болуы тиіс. Оқу орындары тиімділігінің басты көрсеткіші – түлектердің жұмысқа орналасуы. Еліміздің әрбір тұрғыны білімді және денсаулығы мықты болуы тиіс. Сондықтан, тұрғылықты жеріне қарамастан, сапалы денсаулық сақтау қызметіне қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет.

Отандық медицина, ең алдымен, профилактика мен саламатты өмір салтын ынталандыруды бағдар еткені жөн. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі мен бастапқы медициналық санитарлық көмек шығыстары денсаулық сақтауды қаржыландырудың жалпы көлемінде 40-тан 60 пайызға дейін ұлғайтылуы тиіс.

Бұл – әлемдегі барлық дамыған елдердің тәжірибесі. Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосымша 120 миллиард теңге бөлуді тапсырамын, деді Елбасы. Мұның нәтижесінде 7 өңірде жылына 100 мың пациентті қамтитын стационарлық медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігі арта түсетін болады.

ҮШІНШІ, деп атап өтті Елбасы, бүкіл еліміз бойынша өмір сапасын жақсартуға бағытталған өңірлік саясатты жүзеге асыра бастау қажет. Бізде өңірлердің дамуында айтарлықтай айырмашылықтар байқалады. Неліктен бір облыстарда жолдар жақсы, ал басқаларында жаман? Неліктен бір жерлерде ТКШ тұрақты жұмыс істейді, екіншілерінде дәл ондай емес? Шын мәнінде жұмыс істейтін, адамдардың проблемаларын білетін және шешетін әкімдер бар. Халықпен кездесулерден ат-тонын ала қашатын және өңір халқының қажеттіліктері мен мұқтаждықтарына жүрдім-бардым қарайтындары да кездеседі. Әкімдерге халыққа жақын болып, оның игілігі үшін бәрін істеуге ұмтылу керек.

Қазақстан Президенті өзінің сөзінде елімізде түрлі бағдарламалар бар екеніне, оған жеткілікті ресурстар бөлініп отырғанына, алайда адамдардың нақты нәтижені көрмей келе жатқандарына назар аударды. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, мұндайға жол беруге болмайды. Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдер бүкіл әлеуметтік проблемаларды табандылықпен шешулері тиіс және жалған көрсеткіштерді қумаулары керек. Өйткені, әр өңір стратегиялық тұрғыдан маңызды. Еліміздің өңірлік өмір сапасының жаңартылған стандарттарына негізделген Жаңа карта қалыптастыру қажет.

Соңғы жылдары республикалық автокөлік желілері құрылысы бойынша аса зор, тарихи маңызды жұмыстар жүргізілді. Тұтастай алғанда, біз 12,5 мың км автомобиль жолы мен 2,5 мың км темір жол, теңіз порттарын салдық және жөндеуден өткіздік. Әрине, автобандар салған маңызды, бірақ үйге дейін жол салған одан да маңыздырақ. Заманауи жергілікті жолдар желісін кеңейту – бұл орындалуын партия бақылауына алуы тиіс Үкіметтің шешуші міндеті. Аталған мақсаттарға қосымша 350 млрд. теңге бөлуді тапсырамын. Бұл шаралар 2025 жылға қарай облыстық және аудандық маңыздағы автожолдардың 95 пайызын жақсартуға жәрдемдеседі, деді Н.Назарбаев.

Елбасы, сондай-ақ, өңірлік көлік инфрақұрылымдарының барлық нысаны, оның ішінде аэропорттар, авто және теміржол вокзалдары жаңғыртылуы тиіс екендігін атап көрсетті. Астана, Алматы және Шымкент сияқты ірі қалалардың шет аумақтарында қалыптасқан проблемаларды шешу үшін 2019 – 2021 жылдарға қосымша 90 млрд. теңге бөлінетін болады. Шағын және моноқалаларды дамытуға да таяудағы үш жыл бойы жыл сайын қосымша 10 млрд. теңге қарастырылады. Еліміздің барлық тұрғынының таза ауыз суға қол жеткізуі, кең ауқымды газдандыру жұмыстарын жүргізу аса маңызды басымдық болып табылады. Сумен және кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету үшін қосымша 140 млрд. теңге бөлуді тапсырамын. Бұл аталған салада 2,2 миллионнан астам адамның проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, газдандыру және электрмен қамтамасыз ету жұмыстарына шамамен қосымша 190 млрд. теңге бөлуді тапсырамын. Бұл шаралар газбен 1,1 млн. адамды қамтуға мүмкіндік беріп, өңірлік электрмен қамтамасыз ету сенімділігін айтарлықтай арттырады. Үкіметке аталған мақсаттарға 2019 – 2021 жылдарға шамамен 920 млрд. теңге қарастыруды жүктеймін. Жоғарыда айтылғандарды қаперге ала келе, «Нұр Отан» еліміздің инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамытуға екпін түсіре отырып, «Құтты мекен» партиялық жобасын іске қосуы тиіс, деді Президент.

Мемлекет басшысы қолымызда 7,5 млн. ауыл халқының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік бар екенін көлденең тартты. Бірінші кезекте Үкіметке әкімдермен және мәслихаттармен бірлесіп, болашағы бар ауылдарды анықтау, сол жерлерде әлеуметтік саланы дамыту, интернаттар құру қажеттігін тапсырды. Біз ауылдарымызды өсім мен орнықты дамудың ошағына айналдыруымыз қажет. Ауылда халық тұтынатын тауарлар өндірісі бойынша бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тағы басқалар бойынша ҚХР-дың тәжірибесін пайдалану қажет. Сол жерлерде тұрғын үйлер, жолдар салып, коммуникациялар жүргізу, әлеуметтік нысандар тұрғызу, шағын және орта бизнесті дамыту керек. Сондай ауылдарға болашағы жоқ елді мекендерден адамдар көшіп баратын болады. Жұмыс істеп, лайықты өмір сүруге ауылдың әлеуеті жеткілікті. Осыған орай, Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру бойынша ұсыныс әзірлеп, оны 2019 – 2021 жылдары 90 млрд. теңге көлемінде қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл жастардың ауылда орнығып қалуына көмектеседі, деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Мемлекет басшысының айтуынша, жоғарыда көрсетілген барлық бағыт пен жобаның кешенді сипаты бар, партияның ұзақ мерзімді мақсаттарымен үйлеседі және көп кешікпей-ақ адамдарға сезінетіндей деңгейде пайдасын тигізеді. Оларды таяудағы үш жылда жүзеге асыру үшін бюджеттен қосымша 2 трлн. теңге бөлінетін болады. Осы қаржы кедендік әкімшілендіру мен бюджет шығыстарын түбегейлі оңтайландыру есебінен қарастырылуы қажет. Бұл арада жергілікті жерлердегі басым бағытқа ие емес, қымбат іс-шараларды күн тәртібінен шығарып тастау керек. Аталған қадамдар таяудағы үш жылда бюджетке 1 трлн. теңге түсіруге мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ, Ұлттық қордан 2019 – 2021 жылдар ішінде қосымша 1 трлн. 350 млрд. теңге бөлу қажет. Жаңа бағдарлама әлемдік шешуші трендтерді зерттеу мен Қазақстанның барлық өңіріндегі жағдайды талдау негізінде жасалды. Онда таяудағы үш жылда мемлекеттің әлеуметтік саясатының іргетасына айналатын және бүкіл он жылдықтағы перспективаны көздейтін нақты мақсаттар мен жобалар көрініс тапқан.

Өздеріңіз білетіндей, деп жалғады сөзін Президент, бізде Үкімет ауысып, оның құрамы 70 пайызға жаңарды. Жаңа Министрлер кабинетіне, барлық әкімге дереу мен жариялаған тапсырмаларды жүзеге асыруға кірісу керек. Үкіметтің әр мүшесі мен әкімдер жеке жауапкершілік алады және жұмыс нәтижелеріне жеке жауап беретін болады. Партия да халықтың күнделікті мәселелерін шешуге белсенді араласуы тиіс. Бұл жұмысты «Халыққа көмек» жобасы күшейтеді ғой деп сенемін. Бүгінде қоғамның көкейкесті мәселелеріне жедел үн қатып, оларға меморгандардың назарын аударту маңызды. Бұл ең тиімді стратегия болмақ. Ол үшін халықпен кері байланыстың қуатты жүйесін қалыптастыру керек. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын күшейту маңызды. Осы мәселеде бюрократиялық сөзбұйдалыққа жол беруге болмайды. Мұның тек мемлекеттік жеңілдіктерге ғана емес, сондай-ақ, волонтерлер мен кәсіпкер-меценаттар көрсететін атаулы әлеуметтік көмекке де қатысы бар.

Осылай дей келе, Елбасы «Нұр Отанның» барлық филиалы бәрінен бұрын осы жұмысқа бағдарлануы тиіс екенін атап өтті. Партия халықтың барлық жігінің мүддесін қорғап, азаматтар мен мемлекет арасын байланыстыратын шешуші буын ретінде көрінуі тиіс. Бүгінде алдыңғы орынға қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың, оның ішінде әлеуметтік саладағы бағдарламалардың тиімділігі мәселесі шығып отыр. Осыған орай, мен «Нұр Отанға» Президент Әкімшілігімен бірлесіп Мемлекеттік бағдарламалар мен реформаларды жүзеге асырудың тиімділігі мен мониторингін бағалайтын орталық құруды тапсырамын. Партия алаңында әр тоқсан сайын жауапты мемлекеттік органдардың мемлекеттік бағдарламаларды қалай орындап жатқаны туралы тыңдаулар өткізіп тұру қажет. Есептер маған беріліп тұратын болады. Солардың негізінде тиісті қорытындылар жасаймыз, деді Мемлекет басшысы.

Елбасы, тұтастай алғанда, мына мәселені кезекті мәрте ерекше атап көрсетті: экономикалық даму халықтың әл-ауқатының нақты өсуіне бағытталатын болуы тиіс. «Нұр Отан» «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мемлекеттің бизнесті қолдау қағидаттарын жақсарту бойынша жұмыс істеуі керек. Жемқорлықты түбірімен жою бағытындағы мақсатты жұмыстар жалғастырылғаны жөн.

Президент келесі кезекте жастарға ерекше назар аударылуы қажеттігіне екпін түсірді. Өйткені, жастар – болашағымыз! Осы орайда 2019 жылды Жастар жылы деп жариялағаны атап көрсетілді. Партия мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыруға қол жеткізуі тиіс. Сонымен қатар, «Нұр Отан» белсенді азаматтар үшін басты «әлеуметтік лифтілердің» бірі әрі барлық деңгейдегі мемлекеттік басқару жүйесі үшін кадрлардың қайнар көзі болуы керек. Заманауи басқарушылардың жаңа генерациясы «Партияның жастар резервінен» пайда болуы қажет.

Барлық нұротандық нағыз патриоттар болулары және абырой-беделі кіршіксіз болулары тиіс. Партияның халық алдындағы беделі тек орталықтағы кең ауқымды акциялармен немесе іс-шаралармен ғана өлшенбейді. Партияның образы қарапайым қазақстандықтардың көз алдында жергілікті жерлердегі күнделікті жұмыстармен қалыптасады. Бастауыш партия ұйымдарының қызметі жергілікті жерлердегі және өңірлердегі мәселелерді оң шешуге қабілеттілігімен ерекшеленсін. Партиялық іс-шаралардың мазмұндылығы, әсіресе өңірлердегі мазмұндылығы үшін жұмыс істеу керек. Халықтың әл-ауқатын арттырып, өмір сапасын жақсартудағы кең ауқымды міндеттер партиядан өз ісіне деген үлкен жауапкершілікті талап етеді. «Нұр Отан» қоғамдық бақылаудың басты институты болуы қажет. Партияның бағдарламасында бүгін мен айтқан барлық ұсыныстар ескерілуі тиіс, деді Н.Назарбаев.

Елбасы сөзін «Нұр Отан» – толағай табыстың және болашаққа жол ашатын жарқын жетістіктердің партиясы. Біздің ұзақ мерзімді стратегиямыз, мол табиғи ресурсымыз, саяси ерік-жігеріміз бар. Мемлекеттің қуаттылығы экономиканың даму қарқынымен және тұрғындардың тұрмыс сапасымен өлшенеді. Сондықтан, мен өзіме сенім артқан халқымның болашақта емес, қазір бақытты болғанын көргім келеді. Біздің ұстанымымыз – татулық пен тыныштық, ұранымыз – береке мен бірлік. Тәуелсіз Қазақстанның арқа сүйейтін тірегі – баянды бейбітшілік пен келелі келісім! Бас партия болу дегеніміз – басқару емес, елге адал қызмет ету! Біз – халық бірлігінің партиясымыз. Бүгінгі съезд Қазақстанды дамытудың жаңа кезеңіне жол ашады. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына бауырымыз бүтін, аман-есен, мол табыспен жете берейік! Әрекет ететін кез келді, ағайын! Алға, «Нұр Отан»! Алға, Қазақстан! – деп аяқтады.

Сонымен, Елорда төрінде елдік мұраттың бағдары тағы бір мәрте байыпталып, тағдыршешті байламдар таразыланды. Ұлы Дала төсінде салтанат құрған Мәңгілік Елдің нұрлы көшінің тізгіні – «Нұр Отанның» еншісінде. Ең бастысы, Елбасы мен «Нұр Отанға» деген ел сеніміне серпін еселеген мәртебелі жиын, пәтуалы сөз, парасатты байламға куә болдық. Қазақ Елі жаңа белес, ұлы мұратты бетке алып, алты құрлықтың төріне озып барады! Көшбасшысы – «Нұр Отан» мен Нұрсұлтан!

«Нұр Отан» партиясының XVIII съезіне Қарағанды облысынан 92 делегат қатысып, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС Директорлар Кеңесінің төрағасы Эдуард Огай, «Шығыс» сауда үйінің құрылтайшысы Анвар Осин және белгілі меценат, Жезқазған бизнес және көлік колледжінің құрылтайшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Бекзат Алтынбеков «Нұр Отан» партиясы Саяси Кеңесінің мүшелігіне сайланды. Ал, Жезқазған кен байыту фабрикасының директоры Мұрат Бөрібаев аймақ жастары атынан сөз сөйлеп, ел жастарын халық игілігі жолында жұмыла еңбек етуге шақырды.

Ерсін МҰСАБЕК

«Орталық Қазақстан»

Сообщение «Онжылдық перспективалары: ұлттың жаңа игілігі» появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Аманат жүгі – ауыр
Облыс орталығындағы Кеншілер Мәдениет сарайында аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВ атқарушы биліктің бір жылдық жұмысына шолу жасап, халық алдында есеп берді. Қазыналы Қарағандының өткені сараланып, ертеңі таразыланған алқалы жиынға ҚР Қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушы Дархан КӘЛЕТАЕВ, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Сәлімгерей БЕКБЕРГЕНОВ және ҚР Парламент Сенатының депутаты Рысқали ӘБДІКЕРОВ қатысты.

Облыс әкімінің есептік кездесуінен «SARYARQA» телеарнасы, «ЕКараганда» ақпараттық порталы тікелей хабар таратып, облыстың барлық қала-аудандары ашық пікірге онлайн режим арқылы қосылды. Ұзын-ырғасы билік пен бұқараның ашық диалогына өңірдің 7000-нан астам тұрғыны қамтылды.

Ең әуелі аймақ басшысының халық алдындағы есептік кездесуі шынайылықпен шырайланып, ешқандай сценарий, оқшаулану, сауал жолдаушыларды сұрыптау деген секілді әрекеттерге сүйенбей, ашық жағдайда өткенін атап өткеніміз жөн. Өткір сауал нақты жауаппен қауышып, ашық сұхбат, келелі кеңес өрбіді. Асыра мақтап, жасыра жақтап қайтейін, мен көрген, ел көрген шындық – осы.

Бұған дейін жергілікті әкімдердің өңір тұрғындарымен 429 кездесуі өтіп, оған 40 мыңнан астам тұрғын қатысқан екен. Ол аз десеңіз, облыс орталығында үш күн бойы «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, облыстық деңгейдегі барлық құрылымдар аймақ тұрғындарын толғандырып жүрген өзекті мәселелерге құлақ асқан. Бұл шара барысында билік назарына 115 сауал жолданыпты.

– Аймағымызда 1,5 миллион тұрғын бар. Бұл дегеніміз – 1,5 миллион тағдыр. Билік миллиондардың тағдырына бейжай қарай алмайды, – деп сөз сабақтаған облыс әкімі Ерлан Жақанұлының есепті баяндамасы қысқа һәм нұсқа шықты. Бірден құрғақ цифр тізбелеп, пайыздық көрсеткіштерге сүйеніп көлгірсуден, халықпен ашық пікір алысып, кең отырып, кеңес құрғанның маңызды екенін атап өткен өңір басшысы жыл бойына атқарылған істердің де негізгілеріне ғана тоқталды. Өткен жылғы кездесуде көтерілген проблемалардың қаншалықты шешім тапқандығын тілге тиек етті. Әрине, бұқараның былтырғы жылы айтқан бұйымтайының барлығы орындалды деуден аулақпыз. Дегенмен, басым көпшілігі өз шешімін тапқан. Біршамасына уақыт керек.

Жалпы, өндірісті өлкенің екі тізгін, бір шылбырын ұстағанына екі жылға жуықтап қалған Ерлан Жақанұлының аймақтағы өзекті деген мәселенің ірісін де, ұсақ-түйегін де жатқа білетініне көзіміз жетті. Тіпті, кейбір сұрақ қоюшылардың есімдеріне дейін біліп тұрғанына сүйсіндік.

Не керек, келелі кездесудің көтерген жүгі – әлеуметтік мәселе. Оның ішінде көпбалалы аналардың мұң-мұқтажы. Аймақ басшысы көпбалалы аналардың әлеуметтік мәселесі күн тәртібінде өткір тұрғандығын ерекше атап өтіп, бұл бағытта кешенді жұмыс жасалып жатқандығын мәлімдеді. Мәселен, билік өкілдері облыс аумағындағы көпбалалы аналармен бірнеше мәрте кездесіп, олардың мәселесін жіті назарда ұстап отыр. Қазірдің өзінде бірқатар проблемалар нақты шешілген. Атап айтайық, осы жылдың 1 маусымынан бастап көпбалалы аналар қалаішілік қоғамдық көлікте тегін жүретін болады. Сондай-ақ, осы санаттағы отбасылардың бастауыш сыныпта оқитын балалары тегін ыстық тамақпен қамтылады. Балабақша төлемі 50%-ға төмендетіледі. Осы сияқты 10 қадам нақтыланған. Ал, жергілікті биліктің құзіретіне жатпайтын күрделі проблемалар да қатталып, Үкімет жанындағы жұмыс тобына жолданыпты.

Некен-саяқ болмаса, қара басының қамын күйттеп келген ешкімді көрмедік. Көтерілген мәселенің дені – көпке ортақ проблема. Коммуналдық шаруашылыққа, медициналық қызмет сапасына қатысты түйткілді мәселелердің барлығы есепке алынып, бақылауға қойылды.

Жалпы, кездесу бес сағаттан астам уақытқа созылды. Шаршап-шалдыққан ешкімді аңғармадық. Екі аяғынан тік тұрып, қарапайым халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, назар аударған әкім де, кездесудің соңына дейін тапжылмай отырған тұрғындардың да жанарынан бір серпіліс ұшқын атып тұрды. Оны ертеңге деген сенімнің серпілісі деп бағамдадық. Екіжақты ымыра көрініс тапты. Ымыралы елден ырыс қашпайтынын да жақсы білеміз. Биліктің арқалағаны – аманат жүгі. Ол – ауыр қашанда. Бәрібір қарағандылық биліктің аманатқа адалдығы айқын сезіліп тұрды.

(Облыс әкімінің есептік кездеуінен жазылған кеңейтілген ақпаратты газетіміздің сейсенбілік санынан оқитын боласыздар).

Ерсін МҰСАБЕК

Сообщение Аманат жүгі – ауыр появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Ұланғасыр ұтылған жоқ
Ұлттық өнерді ешкімде тұншықтыра алмайды. Бұл ойымды Наурыз айтысы тағы бір мәрте растады. Кеншілер Мәдениет сарайына барып, жыр күбісінен сусындадым. Әдеттегідей рухани мұрамызға мұрындық болып жүрген ақын Айтбай ЖҰМАҒҰЛОВ. Қарағандының айтысын Айтбай ақынсыз елестету мүмкін емес. Республикалық айтысты Жүрсін ЕРМАН тізгіндесе, көмірлі өлке ақындарының басын қосып, жыр додасын ұйымдастырушы – Айтекең. Одан бөлек, Айтбай Ботбайұлының қарақан басының қамынан гөрі ұлттық мүддені жоғары қоя білген қазақтың бір туары Жұмабек ТӘШЕНОВ сынды шыншыл қайраткердің жоқшысына айналғанына бірнеше жылдың жүзі болды. Мұндай қайраткерлік танытқан Айтбайдай ұлға Арқа жұрты дән риза.

Айтысқа оралайын. Дүбірлі айтыстың дүрмегінен жиырма ақынды көрдік. Барлығы да айтыстың ауылына айырықша дайындықпен келіпті. «Армысың, әз Наурыз!» деп аталған биылғы айтысқа арқау болған тақырып – Наурыз нақыштары, Қаздауысты Қазыбек бидің 350 жылдығы мен дала дауылпазы, әнші, сазгер Әсет Найманбайұлының 150 жылдығы. Жыр додасының шымылдығын түрген Айтбай Жұмағұлов жиналғандарға жылы лебізін жеткізіп, жер-жерден келген жиырма ақынды таныстырып, қадамдарына сәттілік тіледі. Ал, айтысқа төрелік етер қазылар алқасының қатарынан кіл мықтыны байқадық. Олардың арасында елге белгілі ақындар Абзал Бөкен, Қойлыбай Асанов, Ануар Омар, Ерсін Мұсабек, ғалым-ұстаз Саржан Такиров жəне журналист Əли Тойжігіт бар.

«Шаршы топта сөз бастау қиын» деген екен бабамыз Бұқар жырау. Бірінші болып шыққан Доскей Ботбай мен Медет Жамановқа айтыс оңайға соқпады. Десек те, екеуі де жасынан айтыста ысылғандығын байқатты. Медет: «Әкесі мен баласы қос бүйірімнен қысып, әкемді танытайын дедіңдер ме» деп әзілімен әдіптесе, Доскей: «Әкемнің емес халықтың баласымын, біз секілді жас өрендердің әкем жанашыры, айтыстың арланы екендігін» айтып тұщымды жауап қайырды. Бұл жұптан жақсы айтысқа көзайым болдық.

Екінші жұп сарыбелдік Өмірбек Сәдетхан мен сәтбаевтық Айдос Мұқашов мұғалім мен оқушы болып айтыс жасады. Үшінші жұптағы Приозерск қаласынан келген Балжан Әбдірахманова мен Сәтбаев қаласының ақыны Жеңіс Тілегеновтен тартысты айтыс көрмеген қазылар алқасы тоқтатып тастады.

Төртінші жұп болып төрге озған Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушысы Нұрсұлтан Рымбай мен «Дарын» мектебінің 11-сынып оқушысы Бекарыс Оспанов орамды ой өрбітіп, үзеңгі қағыстырды. Нұрсұлтанның бойынан айтыскер ақынға тән суырып салмалық өнердің басымдығын аңдадық.

Бесінші жұп Талды ауылынан келген Жаһаншах Бәдел мен Сарыбелден шыққан ақын Мерейхан Сақтасынның үлкен сахнадағы алғашқы сөз қағыстыруы екен. Көсілуінен тосылуы көп болды. Айтыстың артар ауыр жүгін сезінген шығар. Бірақ, осы айтыстағы ең басты олжамыз Осакаров ауданынан екі ақынның шығуы болды. Өмірбек Сәдетхан мен Мерейхан Сақтасын.

Алтыншы жұп Шахтинск қаласының ақыны Нұрмұхаммед Байсүгіров пен Егіндібұлақ ауылынан қосылған 8-сынып оқушысы Нұр­­лыбек Төкеновтің айтысы көрерменнің көңілін көтеріп, әзілмен әлдидеген нағыз сөз сайысы болғандығы шүбәсіз. Сахнаға тұң­ғыш рет шықса да Нұрлыбектен ақындық қуатты аңдадық. Шорабектің әуеніне салып шаршы топтың шырайын келтірді. Өткен жылғы айтыстың бас жүлдегері Нұрмұхаммедті сөзімен түйреді. Он төрт жасында билік айтқан Қазыбек бабаның жасында екендігін айтып, жыр байрағын көтерді. Нұрмұхаммед ағалық қамқорлық танытып тұсауын кескелі келгендігін сөз еткенде, оған да Нұрлыбектің жауабы дайын болды. «Айтыста тұсауымды кесейін деп, қолыңызға келдің бе қайшыны іліп, тыңдарманға орамды ойыңды айтшы, құр босқа отырғанша шәй сіміріп» деп ұтымды ойын жеткізді. Бірақ, әбден төселген кәнігі ақын Нұрмұхаммед айтыстың шарттарын аттап кетпей, өз есесін жібермей, кейде жас ақынды тістеп алып отырды.

Жетінші болып жұптасқан ақтоғайлық Еркебұлан Мүбәрак пен Талды ауылы жұртының тақымын қыстырған Ұланғасыр Қамиев. Ақындар әулетінен түлеген қос ақын бір-біріне қырандай шүйіліп, кемшіліктерін бетіне басып, айтыс көрігін қыздырды.

Сегізінші жұп болып өнер көрсеткен Ырысбай Қамқор мен Арғын Ғалымның айтысы да, өкінішке орай, қысқа қайырылды.

Тоғызыншы жұп Төрехан Сəбетов пен Мұхтар Əділовтің де айтысы ұзаққа созылмады. Қазылар алқасы айтысқа тоқтау салып, ақындардың арынына қарай бағасын берді.

Оныншы жұп жаңаарқалық Сырым Бейсембек пен Еркеғали Бекболат өз деңгейлерінде айтыс жасады. Әсіресе, Сырымның сөз саптасы мен сахнада өзін-өзі ұстау мәдениеті сүйсінтті. Сөз сайысына төселіп қалғандығын аңғартып, енді бір шамалы уақытта төрге озар ыңғайын танытты.

Аз-кем үзілістен кейін ұпай саны бойынша бас жүлде, бірінші, екінші, үшінші орындар үшін финалдық айтыс болды. Ұтымды сөз айтып, ұпайы тең түскен ақындар Сырым Бейсембек пен Медет Жаманов көрерменге аға мен інінің сыпайы өріліп, сырбаз керілген айтысын тарту етті.

Екінші болып сахнаға көтерілген Мұхтар Əділов пен Доскей Ботпайдың айтысы да жұрт көңілінен шықты. Жасынан сөз барымтасына түскен екеуі әзілдесе айтысу­дың жақсы үлгісін көрсетті. Дәл осы айтыста екі ақынның шеберлігі анық байқалды.

Елдің күткен үшінші жұбы – Ұланғасыр мен Нұрлыбектің айтысы болды. Екі ақын әзілдесе отырып, қоғамның өзекті проблемаларын да жырларына арқау етті. Ұланғасыр айтыста төселген. Тәжірибесіне сүйеніп, тереңнен қозғады. Рас, мүмкіндігі мол ақын. Дегенмен, қазылар алқасының қалауы Нұрлыбек болды. Мұнымен, Ұланғасыр жеңілді деуге болмайды. Жыр бәйгесіне алғаш түсіп отырған інісін аяқтан шалмай, жол берген Ұланғасыр ұтылған жоқ. Ұтты, білем! Екеуі де – Бұқар жырау ауданында ашылған ақын-жыршылар мектебінің түлектері. Екеуі де – талантты айтыскер Дидар Қамиевтің шәкірттері. Ал, Ұланғасыр Дидардың туған бауыры екенін ескерсек, қазылар шешімінің де жөн болғанын түсінуге болар. Айта кету керек, бұл айтыстың басты жаңалығы Нұрлыбек Төкенов болғаны анық. Айтысқа алғаш шықса да, арғымақтай көсіле шапты.

Сонымен, дәстүрлі айтыс мәреге жетті. Бір ақын ұтып, бір ақын ұтылған шығар… Анығы – ұлт руханияты ұтты. Бұрынғы айтыстарда Қарағандыдан 10 ақын шықса, мерей көретін едік. Бұл жолы жиырма жүйрік Арқа төсін дүбірге бөледі. Әсерлі әзіл де, астарлы ақиқат жыр мерекесінің мерейін асырды. Елдің аузында айтылмай жүрген сөзді ақындарымыз қосқанаттай қағып отырып жеткізді.

Қазылар бағасын бағамдап, ұпайын түгендей келгенде, айтыстың Бас жүлдесі Нұрлыбек Төкеновке, 1-орын Ұланғасыр Қамиевке, 2-орын Мұхтар Əділов пен Доскей Ботпайға, 3-орын Медет Жаманов, Бейсембек Сырым, Нұрмұхаммед Байсүгіров пен Айдос Мұқашевқа бұйырды. Қалған ақындар арнайы жүлделер мен ынтыландыру сыйлықтарын місе тұтты.

Нұрдос КӘРІМ

Суреттерді түсірген

Л.ГАЛИМОВ.

Сообщение Ұланғасыр ұтылған жоқ появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Арқада – аламан айтыс
Қазақ халқы айтыс десе ішкен асын жерге қояды. Орақ тілді дүлділіне, домбыра күмбіріне құлақ түріп, елең етпес жұрт жоқ. Әсіресе, Арқа жұртының айтысқа ықыласы ерекше. Расы керек, дәстүрге айналған аламан айтысты қарағандылықтар наурыз айында асыға күтеді. Сан ғасырлардан бері халқымен біте қайнасқан айтыс өнерінің додасы 17 наурызда осымен он үшінші рет шымылдығын түрмекші. Бұл жөнінде «Арқа ақындары» айтыс мектебінің жетекшісі, айтыс­ты ұйымдастырушы айтыскер ақын Айтбай ЖҰМАҒҰЛОВ хабардар етті.

– Айтыс – дүниежүзіндегі басқа ешбір халықта жоқ, өнерді тамашалауға жиналған жұртшылықтың делебе­сін қоздыратын, ұлттың намысын қайраққа салатын, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген, қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Айтыскер ақындар ешкімнен сескенбей халықтың айтар сөзін айшықты өлең жолдары мен өрнектеп, ел жақсыларының даңқын асқақтатып, қалың бұқараның аузында жүрген шырқыраған шындықты дүйім жұрттың алдында ашық айтқан. «Хан» демей, «қара» демей, елге тізесін батырған озбырлардың қылықтарын әшкерлеп, өткір сынның тезіне салған. Сонысымен айтыс құнды, сонысымен бағалы.

Биылғы айтыс 17-ші наурызда сағат 17.00-де Кеншілер мәдениет сарайының ғимаратында өтеді. Айтыстың өткізілуіне мұрындық болып отырған – Қарағанды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы, «Арқа» ақындар мектебі. «Армысың, әз Наурыз» атты облыстық ақындар айтысының аясында Қаздауысты Қазыбек бидің 350 және Әсет Найманбайұлының 150 жылдық мерейтойы қамтылып отыр. Осы жылғы айтыс мерейтой иелеріне арналады. Бұл сөз жарысында өткір тілмен өрнектелген ұтымды жыр шумақтарымен ақындарымыз көрермен қошеметіне бөленеріне сенімдімін. Айтысқа республикалық сайыстарда жеңімпаз атанып жүрген Шет, Ақтоғай, Ұлытау, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Осакаровка аудандарының және Сәтбаев, Шахтинск, Қарағанды қалаларының белгілі айтыскер ақындары сөз барымтасына түседі. Барлығы 22 ақын іріктеліп алынды. Бір айта кетері, бұрын-соңды айтыстан шеткері қалып жататын Осакаровка ауданының өзінен қос ақын қатыспақшы. Мұны біз арқада айтыстың дамып келе жатқандығына балаймыз.

Бұл айтысқа ойы зерделі, сөз қадірін түсінетін ақын ағалар төрелік етеді. Тарқата айтсақ, қазылар алқасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Асанов, талай аламан айтыста маңдайы жарқырап, оза шауып, бәйге алған белгілі ақын, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің Бас-Редакторының орынбасары Ерсін Мұсабек бастаған дүлдүлдер салмақтап саралайды. Кіру тегін. Келіп тамшалаймыз дегендер­ге есік ашық. Айтыста ақындардың сө­зіне тоқтау, шабытына шідер салынбай­ды,– дейді ақын Айтбай Жұмағұлов.

Нұрдос КӘРІМ

Сообщение Арқада – аламан айтыс появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.