Руханият

Тағдырдан тамыр тартқан

Қарағандының іргесіндегі саяси тұтқындарға арналған Қарлаг лагерінде өз заманының ұлы тұлғалары қамауда болған. Солардың бірі – Александр Чижевский еді. Ол – ғалым, биофизик, ақын, өнертапқыш және дарынды суретші. 1939 жылы Нью-Йоркте өткен ғалымдардың халықаралық конгресінде Александр Чижевский «XX ғасырдың Леонардо да Винчиі» деген атақ алған.

Сурет: облыстық бейнелеу өнері музейінен

Өткен ғасырдың бірінші жартысындағы сталиндік репрессия Александр Чижевскийді де айналып өтпеді. 1942 жылы тұтқындалып, Солтүстік Оралға жіберілген. Содан кейін Қарлагқа ауыстырылды. Қарлагта жүріп те ғылыми-зерттеумен айналысқан. Жер астындағы кеншілердің денсаулығын жақсартуға арналған иондық әсері бар аспашамдарды да осы Александр Леонидович ойлап тапқан.

Оның суреттері – өнер әлемінің баға жетпес мұрасы. 9 картинасы Қарағандыдағы облыстық бейнелеу өнері музейінде сақталған. Барлығы дерлік акварельмен салынған. Қылқалам шебері көбіне табиғат пейзаждарын бейнелеген. Дала мен ормандағы күздің, қыстың бейнесін салу арқылы қапасқа қамалғандардың бостандыққа деген аңсарын жеткізгісі келгендей. Ол – табиғатты адам мен ғаламның үйлесімі деп білген. Көзін арбаған шексіз кеңістікті қиялындағы түске бояған.

Назарларыңызға Александр Чижевскийдің картиналарын ұсынамыз.

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button