Спорт

Тәулікте 153 шақырымды бағындырды

Теміртаулық спортшы Захар Бушинов халықаралық тәуліктік ультрамарафонда жеңіс тұғырынан көрінді. Захар 24 сағат ішінде 153 шақырымды бағындырды. Елорданың «Астана» триатлон-паркінде өткен додаға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа елдердің спортшылары үш жас санатында бақ сынасты.

Захар Бушинов 18-35 жас аралығындағы топта бірінші орынды иеленді. Желаяқтың Ә.Молдағұлова атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушісі екенін атау ләзім. Оған қоса, 400 және 800 метрге жүгіруде жеңіл атлетикадан халықаралық старттардың жүлдегері әрі жеңімпазы. Жабық үй-жайларда 4-тен 400 метрге дейін эстафеталық жүгіруде экс-рекордшы 2012 жылы әуесқой спортқа ауысқан болатын.

– Жеңіл атлетикаға 2002 жылдан ден қойдым. Тәуліктік жүгіру туралы бір ай бұрын естідім. Марафонды біз Астана саябағында километрлік шеңбермен жүгірдік. Түнде күрделілеу болғаны рас. Алдағы уақытта марафондарға үзбей қатысу ойымда  , – дейді Захар Бушинов.

Қызғалдақ АСҚАРҚЫЗЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button