Басты тақырып

Тәуелсіздік – асыл тәжім

   Қаймағы бұзылмаған, қайнаған тірлігін заман ағымымен өзгертіп, талай қиындықты өткере осынау өмірге Қазақстан деген мемлекет келіпті. Сол мемлекеттің ең үлкен тәжі ол – Тәуелсіздік. Тәуелсіздік тәжін таға отырып, біздің еліміздің өркениеті өркендеп, үлкен асау белдерді бағындырды. Атаулы сол өркениеттің үлкен бір жемісі ол – мектеп. Жиырма бес жыл естеліктей артта қалғанымен, осыншама жылда білім ордасында үлкен өзгерістер болды. Өзгере отырып, ұрпақ тәрбиелер тың ойлар, әдіс-тәсілдер, жаңа форматтағы мектептер керегесін кеңейтті. Бұл әрине біздің тәуелсіздігіміздің жетістігі. Осы мектептерде Тәуелсіздігімізді ұлықтап, өскелең ұрпаққа дәріптемеу айып болар.

   Бүгінгі күнде Қарағанды қаласының №65 жалпы білім беретін орта мектеп Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай үлкен шаралар ұйымдастырып отыр. Тәуелсіздігіміздің жиырма бес жылдығы, Тұңғыш Президент күні мерекелеріне орай жиырма бес ашық сабақ, жиырма бес ашық шара, қабырға газеттерін шығару, суреттер байқауы, «Мен жазамын тілек» ашық хат жапсырмалары өте жоғары деңгейде өткізілуде. Іс-шаралардың өтуіне оқушылар мен ұстаздар, сондай-ақ, ата-аналар да атсалысуда. Шаралар әліде жалғасын табатын болады.

Манар ӨМІРСЕРІК,

65 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button