БрифингСайлау – 2021

Тәртіп бұзу тіркелмеді

Облыс аумағында ауыл әкімдерін сайлау барысын 400-ге жуық бақылаушы мен кандидаттардың сенімді өкілдері бақылайды.

Осы уақытқа дейін тәртіп бұзушылықтар туралы ешқандай мәлімдеме түскен жоқ. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағамбетов тікелей эфирде өткен брифингте мәлімдеді.

 – Сайлау учаскелерінде қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың байқаушылары, кандидаттардың сенім білдірген адамдары болады. Барлығы 391 адам. Олардан ешқандай шағымдар мен өтініштер түскен жоқ, – деді облыстық сайлау комиссиясының басшысы. Аумақтық сайлау комиссияларының мәліметтері бойынша, сағат 14: 00-де сайлаушылардың келуі 48%-ды құрады. Ең жоғары белсенділік Ұлытау, Қарқаралы, Осакаров аудандарында байқалады.

Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдиннің ақпараты бойынша, сайлау күні жеке құрам күшейтілген кезекшілік режиміне көшірілді. Жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті бұзу анықталған жоқ.

Сонымен қатар, брифингте облыстың бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин санитарлық шаралардың қалай сақталатынын айтты. Кіре берісте келушілердің температурасы өлшенеді. Сайлау комиссияларының мүшелері коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алған. Бақылаушылар мен сенімді өкілдер ПТР-тестілеуден өткен.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button