Жаңалықтар

Түркістан облысында 80 жастан асқан қария үйленді

Түркістан облысындағы Қарттар үйінде 80 жастан асқан қария шаңырақ көтерді, деп хабарлайды ortalyq.kz aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі жарты бір бүтін болған ерлі-зайыптылар осыдан 4 ай бұрын отбасын құруға бел байлаған. Қарттар үйінде 10 жылдан бері тұрып келе жатқан Салтанат Ешанқожаева жолдасын кезіктіргеніне қуанышты екенін айтты. Бір-бірін танып, шаңырақ көтергендеріне 4 айға жуықтаған.

– Демалып отырсам, қасыма келіп «мені сені ұнатып қалдым» деді. Мен сенен үлкенмін ғой десем, «ештеңе етпейді жасыңды бөлісіп аламыз» деп қалжыңдады, – дейді №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғыны Салтанат Ешанқожаева.

– Махаббат болуы керек. Сыйластық болған соң махаббат та болады ғой, – деді №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғыны Қашымбек Мұсақұлов.

Облыстық №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 167 адам бар. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, мұнда бір-бірін ұнатып, отау құрғысы келетіндер жиі кездеседі. Ал 80 жастан асқан қариялардың отау құруы аталған мекемеде осымен екінші рет тіркеліп отыр.

– Орталықта 120 ер, 54 әйел және 49 мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Қазір келушілер саны азайды. Менің мұнда жұмыс істеп жатқаныма 8 жыл болды. Осы аралықта байқағаным, отбасында әжелер қайтыс болған соң, атасына күтіп жасай алмай, осында алып келеді, – дейді №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкері Дашти Каримов.

Айта кетейік, орталықта қарияларға барлық жағдай жасалған. Дегенмен Қарттар үйінің өз шаңырағындай бола алмасы анық. Мұны ескерген мамандар, орталықты паналағандардың отбасына түсіндіру жұмысын жүргізген. Нәтижесінде, 7 қарияны туысы үйіне қайта алып кеткен.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button