Басты тақырып

Түркі әлемінің ең танымал тұлғасы

    Түркі әлеміндегі ең танымал көшбасшы – Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. Ғалымдар бұл ұйғарымға «Түркі барометрі» сауалнамасының нәтижесінде келіп отыр.

«Түркі барометрі» – «Еуробарометрдің» баламасы. Биыл алғаш рет қолға алынды. Зерттеу шаралары аясында алты ел тұрғындары қамтылды. Бұлардың қатарында Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан және Қырғызстан мемлекеттері бар.

Елордасы Астанада аталған сауалнаманың қорытындысы жарияланды. Жиынға Халықаралық түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, Түркия Ғылым академиясының вице-президенті Ахмет Юрдусев, Әзірбайжан Ғылым академиясының вице-президенті Иса Гбиббейли, Татарстан Ғылым академиясының вице-президенті Дания Загидуллина қатысты.

Сауалнама шарты бойынша тізімге енгізілген 60 тұлғаның қатарынан ең белгілісін атау керек-ті.  Жиында мәлім болғандай, Түркия астанасы Анкара тұрғындары ең танымал тұлға ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін атаған. Сондай-ақ, әр елдің тұрғындары арасында да Елбасыны саяси тұлға ретінде бағалайтындар қарасы көп болыпты. Яғни, қатысушылар Мұстафа Кемал Ататүрік, Нұрсұлтан Назарбаев, Шыңғыс Айтматов, Реджеп Ердоған, Гейдар Әлиев, Сапармұрат Ниязовтың есімдерін жиі таңдаған.

Сондай-ақ, Әзірбайжанда түрік саяси қайраткерлері кеңінен танымал екен. Өзбекстан тұрғындары қазақ және қырғыз саясаткерлерін, өнер, ғылым және спорт саласындағы түрік өкілдерін жақсы таниды. Ал, қырғызстандықтар Роза Рымбаева, Қайрат Нұртас, Ерке Есмахан сынды өнерпаздардың өнеріне тәнті екендіктерін айтқан.

Жалпы, сауалнамаға Астана, Анкара, Баку, Ташкент, Ашхабад және Бішкек қалаларынан үш мың тұрғын қатыстырылды.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button