Облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінің ардагері, этнограф-жазушы Төрехан Майбас биыл 70-тің желкенін керді. Жазушыны облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев арнайы қабылдап, құрмет көрсеткенін бұған дейін жазған болатынбыз. Одан бөлек, Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен қаланың Оңтүстік-Шығысындағы Республика көшесінің бойына мерейтой иесінің құрметіне арнайы билборд орнатылды.
Сонымен қатар, түрлі мерекелік шаралар да жоспарлануда. Атап айтар болсақ, 26 қаңтарда Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында мерейтой иесінің құрметіне үлкен кеш өтпек.
Кешке Бауыржан Омарұлы, Нұртөре Жүсіп, Аманжол Әлтай, Жанарбек Әшімжан, Айт-Ман Нұржан, Құлтөлеу Мұқаш, Ерлан Төлеутай тағы да басқа белгілі тұлғалар қатысады деп жоспарлануда.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz