Тұрғындар талабы ескерусіз қалмайды
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы қадағалау органы болғандықтан, нысандар құрылысының сапасын тексеріп, өңірдегі сәулет-құрылыс нысандарына қадағалауды жүзеге асырып келеді.
Сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану да күн тәртібінде. Оған қоса салынып жатқан (салынуға жоспарланған) нысандар мен кешендердің мониторингін жүргізу, қызметтерді лицензиялауды және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру, сондай-ақ жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу де – басқарманың басты жұмыстарының бірі.
Басқарма 2024 жылы заңнаманы бұзғаны үшін 291 әкімшілік іс қозғады. Қозғалған әкімшілік істер бойынша 103 887 976 теңге сомасына айыппұл салынды.
Бүгінде басқарма барлығы мемлекеттік қызметтің бес түрін көрсетеді.
Өткен жылы 1079 мемлекеттік қызмет көрсетіп, оның ішінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялау бойынша (алу/қайта ресімдеу) 816, сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 255, аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 8 қызмет көрсетілді.
2024 жылы жобалау қызметін жүзеге асыратын 2 ұйым лицензиядан айырылды. Сондай-ақ, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы 23 лицензия және техникалық қадағалау сарапшыларының 7 аттестаты тоқтатылды.
Өткен жылы басқарманың бақылауында рұқсат берілген құжаттарсыз салынып жатқан 8 нысан болды. Осы объектілердің барлығы әкімшілік жазаға тартылды, сондай-ақ сот шешімімен тоқтатылды. Бүгінгі таңда осы 8 нысан бойынша құрылыс салушыларда қажетті рұқсат құжаттары бар. Осы 8 нысанның ішінде «Әл-Фараби», «Хан», «Нұра» секілді 3 тұрғын үй кешені бірінші сатыдағы сот шешімімен заңсыз құрылыс деп танылды және бұзуға жолданды. Алайда апелляциялық рәсімдер шеңберінде тұрғын үй кешені мәліметтері бойынша медиативтік келісімдер жасалғандықтан, қазіргі уақытта медиативтік келісімдер орындалды.
Бұдан басқа, үлескерлердің ақшасын рұқсатсыз тартуды жүзеге асырған «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңын бұзғаны үшін 3 құрылыс салушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 320-бабы (300 АЕК) бойынша әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданды.
Бүгінде жоғарыда аталған жұмыстар бойынша қала әкімдігімен бірлесіп, басқарма сайтының ресми және әлеуметтік желілер (Instagram, Facebook) парақшаларында халықты жосықсыз құрылыс салушылар тізімімен таныстыру мақсатында тұрақты жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ, басқарманың ресми сайтында тұрғын үй кешендері бойынша ақпарат берілген. Рұқсат беру құжаттарының толық пакеті жоқ «Өз тұрғын үй кешеніңді тексер» бөлімі құрылды. Тұрғындар салынып жатқан тұрғын үй кешендері бойынша ақпарат алу үшін рұқсат берілген құжаттар топтамасына жүгіне алады. Ол үшін жедел басқару желісінің телефоны жұмыс істейді.
Айдын СМАҒҰЛОВ,
Қарағанды облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс
бақылауы басқармасының басшысы