Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің студенттері қаламыздың қоғамдық орындары мен көліктерінде тұрғындарға қазақтың ұлттық тағамы – құрт тарту етті.
Аталған шара 1 наурыз – Алғыс айту күніне орайластырылған «Алғысым шексіз» челленджі аясында Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығының мұрындық болуымен ұйымдастырылды.
Ұлттық киім киген жастар қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, құрт таратып, ол туралы қысқаша мағлұмат айтты. Сондай-ақ, ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен дәстүрлі әндер шырқалып, барша тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Әділет ШОПЕН.