АймақПриозерск

Тұрғындарға нан таратты

Алғыс айту күніне орай «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында Приозерск қаласының жастар ресурстық орталығы мен жеке кәсіпкер М.САРБАСОВА «Қалия нан» қалалық наубайханасымен бірлесе отырып «Тегін нан» қайырымдылық акциясын өткізді. Орталықтың жастары көшеге шығып, тұрғындарға нан таратты.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, қала кәсіпкерлері игі істен шет қалып жатқан жоқ. Шағын шаһарда шаруасын дөңгелетіп қана қоймай қайырымдылықты да ұмытпаған бір топ жігіт бүгінде мұқтаж отбасыларға көмектесіп келеді. Кәсібінен нәсіп тауып жүрген азаматтар бір бөлігін қайырымдылыққа жаратып жүр. Карантин кезінде де, күн демей, түн демей еңбек етіп жүрген полицейлер, дәрігерлер мен жұмысшыларға азық-түлік жеткізіп отырған көрінеді.

Айта кетейік, жуырда Приозерск қаласының жастар ресурстық орталығы және «ASAR» волонтертерлық корпусының еріктілері тұрғындарға тегін бетперде таратқан болатын. Ұйымдастырушылар мұндай бағыттағы жұмыстарды алдағы Наурыз мерекесі қарсаңында да өткізетінін атап өтті.

Нұрдос КӘРІМ.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button