Сәтбаев

Түпкі меже – кәсіби бейімдеу

   Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы білімнің салтанат құруына қатысты айтылған бағдарламалық тұжырымдарды басшылыққа алған Сәтбаев қаласының ұстаздар қауымы игілігі мол һәм қайтарымы зор шараларды мақсатты негізде іске асыруда. Соның аясында мұғалімдердің өз кәсібін терең меңгеруі арқылы шығармашылық шыңына шығуына тиімді ықпал ету межесі көзделген.

Жуырда №19 орта мектептің ба­засында «Жас маманның кәсіби бейімделуі: кедергілерден шығуы, се­німділік» атты ұстаздардың жас буынына арналған қалалық деңгейдегі шығармашылық күні өткізілді. Ілкімді ұйымдастырылған іс-шараға жас педагогтардың кәсіби өсу ортасын құру арқылы жан-жақты ашылуына, тұлға ретінде қалыптасуына дәнекерлік жасау мұраты арқау болды.

«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» және «Жас келсе іске…» тақырыптары телінген жұмыс бағыттары кезінде ұстаз мамандығының практикалық ерекшеліктерін енді ғана игеруге кіріскен жас буынға тағылымды тәлім берерліктей мазмұндағы біршама тартымды шаралар ұйымдастырылды. Жас мамандар және олардың тәлімгерімен бірге өткізілген кіріктірілген сабақтар, күнделікті кездесуі мүмкін алуан түрлі жайттардың түйінін шұғыл тарқату тәсілдерін меңгеруге машықтандыратын семинарлар мен психологиялық мазмұндағы тренингтер өткізілді. Жоғары санаттағы майталман мамандардың шеберлік сабақтары көрсетілді. Сонымен қатар, білім беру саласындағы қызмет тәжірибесі жылдарға ұласқан білікті ұстаздар қаладағы оқу ошақтарының жас мамандарымен өз тәжірибеле­рін бөлісті.

Әрине, бүгінгі жас маман – бола­шақтағы ұлағатты ұстаз. Олардың осы­нау жауапкершілігі сындарлы жол­да мақсатына жетуі – ұстаздық кә­сіп­пен шаршамай-талмай шұғылдана жүріп, қоғам қайраткері деңгейіне көтерілген тұлғалардың жұмыс ерекшеліктерін терең танып, меңгеруімен тікелей байланысты. Осы орайда, «ұстаздардың ұстазы» атанған Шабал Бейсембекованың іс-тәжірибесінен ал­ынған кеңестердің де аса пайдалы болғанын айрықша атап өткен жөн.

Көңілге қуаныш ұялатары – шы­ғар­машылық күн аясында өз шеберліктерін ортаға салған жас ма­мандар­дың ізденуге, білуге деген талпыныстарының айқын аңғарылуы. Олардың өткізген ашық сабақтарына қатысып, сараптамалық тұрғыда баға берген білікті мұғалімдер жоғарыда аталған жағымды қажеттілікке ерекше назар аударды.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

СӘТБАЕВ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button