Медицина

Тұмауға қарсы вакцинация жүріп жатыр

Өткен айда жедел және респираторлық инфекцияның 7 911 жағдайы тіркелген. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе артық. Осы эпидемиялық маусымда тұмаудың А типті (H1N1), А(H3N2) және В тұмауы вирусының таралуы күтілуде. Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Юрий Залыгиннің айтуынша, тұмауға қарсы вакцинация жасалып жатыр.

Сурет: maqat-tynysy.kz

Тұмау – бұл ауа арқылы таралатын ауыр жедел вирустық ауру. Барлық жастағы адамдар тұмау вирустарына аса сезімтал. Бұл ауру өте жұқпалы және мезгіл-мезгіл эпидемия немесе пандемия сипатына ие болады. Тұмау қауіпті асқынуларды (пневмония, бронхит, жүректің, бүйректің, мидың зақымдануы және басқалары) және созылмалы аурулардан зардап шегетін адамдардың, соның ішінде балалар, жүкті әйелдер мен жүрек–қан тамырлары, эндокриндік және басқа жүйелердің созылмалы аурулары бар ересектердің жағдайын асқындатып, өлім-жітімге алып келуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша  маусымдық эпидемия кезінде әлемде жыл сайын 250-500 мың адам қайтыс болады.

Тұмау кенеттен басталып, температураның күрт көтерілуімен бірге жүреді. Дененің айқын интоксикациясы пайда болады. Қалтырау, адинамия, бұлшықет және бас ауруы, бүкіл дененің ауыруы, төс сүйегінің артындағы ауырсыну, құрғақ жөтел байқалады. Кез келген басқа вирустық инфекциямен (ЖРВИ, аденовирустық инфекция және басқалар) әдетте катаральды белгілер басым болады. Яғни, мұрыннан су ағып, тамақ ауырады, содан кейін ғана осы катаральды құбылыстардың аясында температура пайда болады.         

– Тұмаудан қорғаудың ең тиімді құралы – вакцинация. 2024-2025 жылдардағы ағымдағы эпидемиологиялық маусымда тәуекел топтарын тұмауына қарсы вакцинациялау үшін Ресейде өндірген «Гриппол» вакцинасының 173 000 дозасы сатып алынды. Бұл облыс халқының санының 14,5%-ын вакцинамен қамтуға мұмкіндік береді, – деді Ю.Залыгин.

Тұмау мен ЖРВИ алдын алудың негізгі шараларын есте ұстаған жөн, олар:

– науқас адамдармен байланысты шектеу;

–  адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу;

– жөтелгенде, түшкіргенде ауыз бен мұрынды орамалмен жабу,

– бөлмені үнемі желдетіп отыру, жиі ылғалды тазалау;

– дәрігердің нұсқауы бойынша иммунитетті жоғарылату препараттарын, мультивитаминдерді қолдану;

– қолды мұқият жуу, қолыңызды үнемі дымқыл гигиеналық және дезинфекциялық құралдармен өңдеу қажет.

Сонымен қатар, уақтылы вакцинация еңбек ұжымында аурудың таралу қаупін азайтуға және ауруға шалдыққан жұмыс күндерінің санын азайтуға мүмкіндік береді. Тұмауға қарсы вакцинацияны уақтылы алуды ұсынамыз.

Жансая ОМАРБЕК, 

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button