ЖаңалықтарҚарағанды

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕГІЛУ БАСТАЛДЫ

Денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше 2016-2017 эпидемиялық маусымында тұмаудың А(Н1N1/pdm09), А(Н3N2) және В түрі, сонымен қатар, тұмау емес респираторлық вирустар болжануда.

Қазақстан Республикасында тұмау және Жедел респираторлық вирустық инфекциялардың көтерілуі алдыңғы жылдың эпидемиялық өршулерінің талдауы бойынша қаңтар айының басына келіп тұр. Науқастылықтың шарықтау шегі қаңтар айының соңына, ақпан айының ортасына дейін жалғаспақ.

Тұмау – бұл ауа-тамшы жолымен берілетін, вирустар және бактериялардан туындайтын жедел жұқпалы дерт. Тұмаудың сойқандығы – оның асқынуларында. Балалар үшін тұмау ерекше қауіпті. Әрбір күз және қыс айларында әдеттегідей, тұмау түріндегі жұқпалы дерт бой көтереді. Алдын алудың ең тиімді әдісі – індет басталмастан бұрын тұмауға қарсы егу жүргізу. Егу емдеу мекемелерінде дәрігердің тексеруінен және рұқсатынан кейін жүргізілгені дұрыс. Көптеген елдерде халық арасындағы осал топтарды егу арқылы иммунитеттерінің жоғарлағаны туралы хабарлайды. Қолданылатын вакциналар «Инфлювак» (Нидерланды), «Ваксигрипп» (Франция), «Флюарикс» (Германия).

Денсаулықты сақтау БДСМ барлық талаптарына сай келеді. Өндіріс кәсіпорындарында, ұйымдастырылған мекемелерде және басқа да мекемелерде қалыпты иммунды қабаттарды құруға, тұмаудың таралуы мен өршуін алдын алуда егілудің қажеттілігі ұсынылады. Тұмауға қарсы егілуді қараша-желтоқсан айларында алған жөн.

Тұмауға қарсы егілулер Қарағанды қаласында қыркүйектің аяғынан бастап жүргізілуде. Жергілікті бюджеттен «осал топтарды егуге» (дәрігерлер, созылмалы өкпе, жүрек аурулары бар балалар мен ересектер, жиі ауыратын балалар және 60 жастан асқан адамдар ) қаражат бөлінді. Егілу келесі жергілікті емханаларда ақылы және ақысыз түрде жүргізіледі.

Олар:

ҚО БМЖК Бейбітшілік бульвары 28, тел: 56-10-40.

КМҚМ №3 емхана, Шахтерлер көшесі 78а, тел. 33-42-20.

КМҚМ №1 емхана, Ипподромная көшесі 8а, тел.: 41-70-64;

КМҚМ №5 емхана, Мұқанов көшесі 5, тел.: 77-05-80; тел.77-02-52, тел. 78-84-53.

Денсаулық сақтау ұйымы тұмауға қарсы екпені эпидемиялық маусым кезеңінде алуды ұсынады. Иммунитетті қалыптастыруда науқастылық басталмас бұрын егілу қажет. (1 қараша – 1 желтоқсан ).

Ж.БЕРКІМБАЕВА,

Қазыбек би атындағы аудан бойынша ТҚҚБ эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы.

Қарағанды қаласы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button