Тұлға

Тұлға ғұмырынан сыр шертеді

    Қазақ баспасөзінің қара нары болған Нұрағаң – Нұрмахан ОРАЗБЕКОВ жайлы жаңа кітап қолымызға тиді. Тұлғаның көзін көрмесек те, қаламынан туған дүниелерге қанықпыз. Тағы да үңілдік. «Ғұмыр! Ол ұзақ болсын, қысқа болсын, артына өз ізін, өз жылнамасын қалдырады» деген тағдыр иесі жайлы естеліктерге зер салдық…

Нұрағаңды шыңдаған – шындық. Ол қылышынан қан тамған Одақтың кезінде-ақ ойын бүркеп қалмаған. «Ағын – ақ, қарасын – қара» деген. Мұхтар Мағауинше айтсақ, Тоныкөкке тартып туған.

1991 жылдың тамызындағы дүмпуді «Иә, бұл – төңкеріс!» деп жазған да Н.Оразбеков еді. Біздің «Орталықта» Бас редактор болған кезінде! Тіпті, КСРО-дан қаймықпай, қазақтың қанатты сөзін ресми басылымның маңдайына алғаш жазған да осы Нұрағаң екен. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп.

Кітап үш бөлімнен тұрады. Жалынды журналистің жазбалары, өзімен қызметтес, әріптес болған азаматтардың және туыстарының естеліктері топтастырылған. Үшінші бөлімде – Нұрағаңның қазасына байланысты көңіл айтулар. Сондай-ақ, елдің, әлемнің түпкір-түпкірін шарлаған қаламгер өмірінен сыр шертетін суреттер де «сөйлейді».

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» (Абай). Мұның бәрі бір басқа бұйырса, Тұлғаға бұйырғаны.

Нұрағаң – Тұлға! Біз үшін, қалың қазақ үшін!

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button