Тұлға

Тұлғалар азайып, тұлыптар көбейіп бара жатқан сияқты.

Тұлғалар – Тұмар ханша, Білге қаған, Мөде, Атилла (Еділ), сайыпқыран Шыңғыс қаған. Ерте дәуірдегі аталарымыз. Бертіндегі – Абылай мен Кенесары. Соңғылары – Сыздық төре мен Әлихан Бөкейханов, менің пайымымша.

***

Хрущев коммунизм орнатам деп малдың бәрін тартып алған. Бір сиыр, бес қойдан артық ұстасаң сотталасың. Әкем Ақөлкеге жасырып, бір сиырын артық алып қалғаны есімде. Үйімізде екі сиыр. Сүт, айран, қатық, құрт мол. Содан бір сиырдың жас туған бұзауы арам қатты. Қайғырдық. Енесі суалып барады. Біз ішетін сүт азаяды ғой. Өлген бұзаудың терісін екінші сиырдың бұзауының үстіне жауып, исіндіреді. Бұзаусыз қалған сиыр сүт береді.

***

Сол сияқты осы біз тұлғаларға емес, тұлыптарға қарап, мөңіреп жүрген жоқпыз ба?! …

Мағауия СЕМБАЙ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.