Жаңалықтар

Субсидия алу үшін өтінімді онлайн қабылдайтын портал іске қосылды

Қазақстанда «АӨК субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі» толықтай іске қосылды. Тауар өндірушілердің өтінімін қабылдауға дайын. Негізгі өтінімдерді қабылдау бүгіннен бастап ашылды, деп хабарлайды ortalyq.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

СБМАЖ субсидиялауға өтінімдерді ресімдеу кезінде фермерлер үшін балама ретінде әзірленді. Өтінімдерді беру, субсидияларды өңдеу және алу gosagro.kz веб-порталында жүзеге асырылады. Жүйе толығымен автоматтандырылған және ақысыз негізде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

СБМАЖ арқасында фермерлердің субсидияларды алудың орындылығын растау үшін қосымша анықтамалар ұсыну қажеттілігі жойылады. Өйткені талап етілетін ақпарат басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен, соның ішінде жер учаскелері, ауыл шаруашылығы жануарлары, техника және арнайы көлік жөніндегі деректермен, кооператив мүшелері туралы мәліметтермен, сондай-ақ «алқаптар картасымен» біріктірілген. Инвестициялық субсидиялар бөлігінде құрылыста мемлекеттік сараптама жүргізу туралы деректерді алу үшін «E-ЖСҚ» ақпараттық жүйесімен интеграциялау жұмыстары басталды.

Субсидиялаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі бюджеттің болуына қарамастан өтінімге реттік нөмір бере отырып, «күту парағы» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бюджет фермердің тарапынан қосымша әркетсіз «күту парағында» өтінімдердің кезектілігі бойынша ғана бөлінетін болады.

Бұл тәсіл қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді және субсидияларды төлеу кезінде адами факторды болдырмайды. «Күту парағына» келіп түскен өтінім мақұлданған болып есептеледі және тек тиісті қаржыландыруды күтеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өз тарапынан пайдаланушыларға ыңғайлы қызмет көрсету үшін бар күшін салып жатыр. Барлық туындаған қателер мен ұсыныстар қысқа мерзімде пысықталып отырады.

Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172)67-71-17 телефон нөміріндегі байланыс орталығына немесе gosagro@minagri.gov.kz электрондық поштасы мен  https://t.me/gosagrokz каналы арқылы хабарласуға болады.

Жүйе жаңа болғандықтан, күн сайын екі сағат субсидиялаудың барлық бағыттары бойынша онлайн-демонстрациялар өткізіледі. Мұнда әрбір көрсетілетін қызметті алушы әзірлеушілермен бірге онлайн режимде өтінім бере алады. Портал аталған форматта ақпан айы бойы жұмыс істейді.

Сонымен қатар, қолданыстағы субсидиялау қағидаларына сәйкес, фермерлерден өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімдері белгіленді.

Бұған дейін негізгі өтінімдерді қабылдау биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап өтінімдерді қабылдау басталатынын жазған болатынбыз.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button