Су тасқыны: аймақта ахуал тұрақты
Аймақта су тасқыны бәсеңдеді. Жағдай тұрақты. Су қоймаларындағы су ағыны да азайған. Бүгінгі күннің дерегімен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Қатпанов бөлісті.
– Қарағанды облысының аумағындағы су тасқыны жағдайы тұрақты. Негізгі су қоймаларына ағындар және олардан төгінділер азаюда. Таңертеңгі сағат 10:00-ден бастап Жартас су қоймасынан су ағызу секундына 127 текше метрге дейін, Ынтымақ су қоймасынан – секундына 500 текше метрге дейін төмендеді, – деді департамент басшысы.
Нұра ауданында су тасқынына қарсы шаралар жалғасуда. Қазіргі таңда Нұра өзенінің бойында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Су деңгейі 10-15 сантиметрге төмендепті. Сонымен қатар, өзен жағасында орналасқан елді мекендер – бақылауда.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz