АймақТеміртау

Су құбыры салынды

Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету аймақта бүгінде жалғасын тауып жатыр. Металлургтер мекені – Теміртауда да қаланың оң жағалауында жаңа су құбыры салынып бітті. Желілердің ұзындығы – 21,6 шақырым. Орталықтандырылған суға жеке сектордың 726 үйі қол жеткізеді. Олардың көпшілігі бұрын қалалық сумен жабдықтау жүйесіне қосылмаған болатын. Сонымен бірге, енді кейбір тұрғындар үйлерін сумен жабдықтаудың жаңа желісіне ауыстыра алады.

Сурет қала әкімдігінен

Бүгінде желіге қосылудың техникалық шарттарын сегіз көшенің тұрғындары рәсімдей бастағанын мәлімдейді ресми ұйымдар. Ол көшелердің қатарында – Самарқанд, Энергетиктер, Нагорная, Южная, Джаурская, Ташенов, Мартеновская және Луговая бар.

Осындай жұмыстар ескі қалада және «Соцгород» шағынауданында жүргізілуде. Онда 518 үй ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Ақтау кентінде 10 көшеде су құбыры желілерін салу бойынша үш жоба іске асырылуда. Бұл барлық тұрғынды орталық сумен жабдықтауға толық қосуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, АБВ кварталының, 9А шағынауданының және қаланың басқа аудандарының тұрғындары үшін су құбыры желілерін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатқанын атап өткен жөн.

Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button