АймақШет

Спорт саңлағы елдік іске үн қосты

Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлы селосында орналасқан №591 референдум учаскесінде белгілі спортшы, Қазақстанның бірнеше дүркін түйе палуаны, дзюдо және самбо күрестерінен спорт шеберлері арасында әлем чемпионы Самалбек Айнатаев дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

Сурет автордан

Ел намысын талай дүбірлі додаларда қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген спорт саңлағы бұл жолы да ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға қатысып, азаматтық ұстанымын білдірді.

– Мен еліміздің болашағы үшін өз дауысымды бердім. Әр азамат осындай маңызды сәтте ел тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауын жасауы керек деп есептеймін. Халықтың бірлігі мен елдің тұрақтылығы – бәріміз үшін қымбат, – деді Самалбек Саябекұлы.

Айта кетейік, Самалбектің спорттағы табандылығы мен қайсар мінезі оны халық арасында құрметке бөледі. Түйе палуан ретінде бірнеше мәрте Қазақстан чемпионы атанып, дзюдо және самбо күрестерінен спорт шеберлері арасында әлем чемпионы атанған ол – туған елінің абыройын асқақтатып жүрген танымал тұлғалардың бірі.

Нұрдос КӘРІМ
«Ortalyq Qazaqstan»

Шет ауданы

Басқа материалдар

Back to top button