Абай

Сот жүйесін реформалау және жетілдіру

    Президентіміздің «100 нақты қадам» бағдарламасының жүзеге асырылуы бізді басты мақсатқа – экономикасы дамыған және жалпыға бірдей еңбек қоғамының мүмкіндіктерін іске қосқан қуатты мемлекет негізінде өркендеген қоғам құруға жетелейді.

«100 нақты қадам» бағдарламасының заңның үстемдігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша, азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, яғни, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы (бірінші, апелляциялық, кассациялық) сот төрелігі жүйесіне көшу, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту, оқуды және сот тәжірибесі арасындағы өзара байланысты күшейту үшін сот төрелігі институты мемлекеттік басқару академиясының құрылымынан бөлінуі керек, яғни, Жоғарғы Соттың жанында жұмыс істеп, судьялардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететіндігін, азаматтардың конституциялық құқын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттілікті тергеу судьясына біртіндеп беруді, Жоғарғы Сотта инвестициялық алқаны ұйымдастыру, арбитраждық орталық құру туралы Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспарын жариялады. Мемлекет басшысы қысқа мерзім ішінде еліміздің әлемдік кеңістікте қалыптасуы мен нығаюына зор мүмкіндіктер жасады.

Сот ісін жүргізу саласын реформалау мен сот органдарын жаңғырту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралардың түпкі мақсаты – азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғаудың тиімділігін арттыру. Отандық сот жүйесін одан әрі қарай жетілдіру, жергілікті соттардың рөлін арттыру, судьялардың тәуелсіздігін жоғарылату – басты назарда. Жүргізіліп жатқан реформалар адал, әділ, өз ісіне қалтықсыз берілген, заңдылықты сақтаудың озық үлгісін көрсеткен судьяларды қорғау жағдайларын қарастырады, сонымен қатар, өз ісіне немқұрайлы қарайтын, Судьялар әдебі кодексін, заң талаптарын бұзуға жол беретін судьяларға жауапкершілікті қатаңдатады.

Қазіргі уақытта облысымызда мамандандырылған экономикалық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, кәмелетке толмағандарға қатысты істерді қарайтын соттар жұмыс істеуде. Қазақстанда сот реформасы аясында сот жүйесінің жұмыс сапасын арттыру бағытында аз шаруа атқарылып жатқан жоқ. Ол – жоғары білікті сот корпусын қалыптастыру, сот кадрларын іріктеу тәртібін ширату.

Бұл мәселелердің шешімін табу жолында көптеген зерттеулер, игі шаралар жасалуда. Халықаралық тәжірибелерді саралай отырып, болашаққа даңғыл жол ашып, өсу-өркендеу мақсатында Қазақ­станның сот жүйесінің шегер сапары айтарлықтай. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірегейі болып отыр.

Сот саласындағы реформалардың мақсаты – судьялардың заңгерлік білімін одан әрі жетілдіру, судьялармен сот қызметкерлерінің мамандығын жетілдіру. Бір сөзбен айтқанда, заңдылық пен құқық қорғау саласында өркениет көшінен қалмау. Мемлекетіміз қаржы мәселесін шешіп, толық қамтамасыз етіп отыр. Енді сот жүйесіндегі өзекті мәселелерді уақытында шешу, озық тәжірибемен өркендей түсу – уақыт талабы болмақ.

Елімізді экономикалық тұрғыда дамытуда, сот саласын реформалауға ерекше мән беруінің арқасында көптеген жетістікке қол жеткіздік. Атап айтқанда, қазіргі экономикалық, банктік, әлеуметтік, тағы басқа салалардағы қол жеткен табысымыз, уақытылы өткізілген құқықтық реформа болмаса осындай деңгейге көтерілуі мүмкін емес еді.

Жалпы судьялар одағының мақсаты – судьялардың біліктілігін арттыру, тәуелсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ету, мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар жасау.

Сот саласындағы реформалардың мақсаты – судьялардың заңгерлік білімін одан әрі жетілдіру, судьялармен сот қызметкерлерінің мамандығын жетілдіру. Бір сөзбен айтқанда, заңдылық пен құқық қорғау саласында өркениет көшінен қалмау. Мемлекетіміз қаржы мәселесін шешіп, толық қамтамасыз етіп отыр. Енді сот жүйесіндегі өзекті мәселелерді уақытында шешу, озық тәжірибемен өркендей түсу – уақыт талабы болмақ.

Сот-құқық жүйесін дамыту сабақтастық және кезеңділік негізінде жүзеге асырылады және мынадай бағыттарды көздейді.Оны дамытудың негізгі арқауы соттар мен судьяларды мамандандыру, оның ішінде ювеналдық,қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған соттарды дамыту болып табылады, келешекте салық соттары және басқа да мамандандырылған соттар құрылуы мүмкін.

Сот жүйесін жетілдіру нәтижесінде түрлі сот инстанциялары функцияларының қосарлануы жойылуға тиіс. Негізгі заңға сәйкес судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға бағынады (77-баптың 1-тармағы). Сот актісі соттағы дауласушы тараптар арасында жаңа жанжалдарды тудырмай, дау-дамайды барынша шектеуі тиіс.

Сот жүйесінің даму перспективасы сотқа дейінгі іс жүргізудегі сот бақылауының шегін кезең-кезеңімен кеңейту мүмкіндігімен де байланысты болмақ.

Қорытындылай келгенде, сот жүйесін реформалау шаралары дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттіліктің Жаһандық индексі рейтингінде «соттардың тәуелсіздігі» көрсеткіші бойынша Қазақстан Республикасының позициясын жақсарту – сот жүйесінің тәуелсіздік пен риясыздық деңгейі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (адами өлшем саласында) тиісті міндеттемесі болып танылған алғашқы отыз елдің қатарына 2020 жылға қарай кіру бойынша стратегиялық мақсатқа қол жеткізуге бағытталған. Соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі проблемалар сот құрылымдарының ұйымдастырылу принциптері мен жұмыстарының әлеуметтік механизмдерінде атап көрсетілген. Реформаларды іске асыру өзгерістерге жетелейтін ең маңызды, алайда, мұнымен шектелмей, елдің сот корпусының алдында сот билігінің тиімділік параметрлерін одан әрі тереңдетіп, кеңейту міндеттері тұр. Мемлекет осы сәтте судьялардың тәуелсіздігі мен судьялар қоғамдастығының беделін нығайту жолында жұмыс істейтін өміршең шаралар бекітіліп, бірқатары іске асырылды.

Е.ИСАБЕКОВ,

Абай аудандық сотының

төрағасы.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button