Спорт

Слаломды есуден қоржынға қос қола түсті

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында слаломды есуден сынға түскен Александр Куликов пен Екатерина Таранцева қола жүлдеге қол жеткізді.

 

Слаломды есуден ерлер арасында бақ сынаған отандасымыз Александр Куликов межелі қашықтықты 97 минут 04 секундта бағындырып, мәре сызығын үшінші болып кесті. Екінші болып Өзбекстан өкілі келсе, мәре сызығын бірінші болып Қытай спортшысы кесті.

 

Ал, әйелдер арасында өнер көрсеткен Екатерина Таранцева да мәреге үшінші болып жетті. Ол берілген қашықтықты 111 минут 71 секундта бағындырды. Бұл бәсекеде Тайпей спортшысы бірінші болып келді. Ал, екінші болып мәре сызығын қытайлық спортшы кесті.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button