Бас тақырып

Синоптиктер бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады: көктайғақ, қарлы боран

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 1-желтоқсанына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ortalyq.kz. 

Сурет: zakon.kz сайтынан

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың батыс, солтүстік және шығыс облыстарындағы күн райына циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Синоптиктердің болжауынша, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Сондай-ақ көктайғақ пен қарлы боран болады.

Синоптиктердің мәліметінше, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады деп болжанды.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, кей уақытта екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз –  2-4°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +5+7°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0,-2°C, күндіз +10+12°C.

Материалды әзірлеген: І.ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button