Спорт
Синхронды жүзу сайысы
Теміртау қаласындағы «Жастар» жүзу бассейнінде осы аптада синхронды жүзуден Қазақстан чемпионаты өтті. Оған Астана, Алматы қалалары мен Жетісу, Қарағанды облысының 13-15 жастағы қыз және 13-16 жастағы ұл балалары қатысып, өзара сайысты.
Тартысты бәсекеде синхронды жүзудің барлық бағдарламалары бойынша жеңімпаздар анықталды.
Атап айтқанда, міндетті бағдарлама бойынша С.Ищенко, солодан (ұлдар) А.Томчишин, Микс дуеттен А.Томчишин мен Ж.Шәукенова, солодан (қыздар) М.Ашаханова, дуеттен С.Ищенко мен М.Ашаханова, құрама топтардан М.Ашаханова, С.Ищенко, А.Томчишин, М.Шәріпова мен Ж.Шәукенова бірінші орын алып, оларға және екінші, үшінші орын иелеріне медальдар тапсырылды.
Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ
Ortalyq.kz