Медицина

Сібір жарасының алдын алу маңызды

Сібір жарасы – Bacillus anthracis бактериясынан туындаған жіті инфекциялық ауру. Оған адамдар да, жануарлар да шалдығады. Сібір жарасы адамдар арасында сирек кездеседі. Дегенмен, ауру жануарлардан немесе олардан алынатын өнімдерден инфекция жұқтыру қаупі бар. Сібір жарасы уақтылы емделмеген жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Бірақ, қазіргі заманғы медицина мен алдын-алу әдістерінің дамуы ауруды бақылауға алуға мүмкіндік береді.

Сурет eskeldi-eli.kz

Сібір жарасының белгілері аурудың түріне байланысты өзгереді, олардың үш түрі бар: тері, өкпе және ішек түрлері. Тері формасы ең көп таралған және ластанған материалдармен байланыста болғаннан кейін терідегі жаралармен көрінеді. Өкпе формасы ең қауіпті, тұмауға ұқсас белгілерден басталады (қызба, жөтел, кеудедегі ауырсыну), содан кейін тез өмірге қауіп төндіретін ауыр кезеңге өтеді. Ішек формасы ластанған етті тұтынудан туындайды және жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы және диареямен көрінеді.

Сібір жарасының инкубациялық кезеңі әдетте 1-7 күн аралығы, бірақ инфекция жолына байланысты 60 күнге жетуі мүмкін. Адам ұзақ уақыт бойы симптомсыз жүре беруі мүмкін, бұл инфекцияны ерте анықтауды қиындатады.

Ауру жұқтырған жануарлармен немесе олардың қалдықтарымен байланыс арқылы сібір жарасы адамға жұғады. Bacillus anthracis бактерияларының споралары топырақта ондаған жылдар бойы тірі болып жата береді. Олар ағзаға түскен жағдайда белсенділігі артып, инфекция тудыруы мүмкін. Әсіресе ауыл шаруашылығында немесе былғары өнеркәсібінде жұмыс істейтін адамдар үшін қауіп жоғары.

Тұрғындар арасында сібір жарасы жағдайларының алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін (ет, сүт және сүт өнімдерін) тек ветеринариялық бақылау бар дүкендерде немесе базарларда сатып алуға, жануарлардан алынатын өнімдерді мұқият термиялық өңдеуге, ауыл шаруашылығы жануарларына қызмет көрсету кезінде гигиенаны сақтау, қолды сабынмен жуу, қорғаныс құралдарын (қолғаптарды) пайдалану, жеке гигиена ережелерін қатаң сақтауға кеңес береміз.

Юрий ЗАЛЫГИН,
облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button