Бас тақырып
«Сібір жарасы»: бір науқас көз жұмды
Топарда «Сібір жарасын» жұқтырған деген диагнозбен облыстық клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне түскен науқастың біреуі көз жұмды.
1948 жылы дүниеге келген пациентке облыстық денсаулық басқармасының мамандары тез арада шешім қабылдап тиісті ем-дом шараларын жасаған. Алайда, ақ халаттылардың айтуынша «пациенттің медициналық көмекке кеш жүгінгенінің де әсері бар» дейді.
Бұдан бөлек, орташа жағдаймен ауруханаға түскен екі науқастың жағдайы тұрақты. Дәрігерлердің үнемі бақылауында. Бұл туралы кеше жазған болатынбыз.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz