Руханият

Шынайылықпен шырайланған жинақ

Жақында жарық көрген белгілі журналист Бекәділ Семқұлдың «Дүние жарық» жыр жинағына әр жылдары жазылған өлеңдері топтастырылған екен. Содан да болар, кітапты басынан аяғына дейін оқып шыққанда, қимас балалық шақ, тай-құлындай бірге асыр салған бала кездің достары, ешқашан көз алдынан кетпейтін туған жердің суреттері, оның ыстық құшағы, анаға, әкеге, жарға, балаға, немереге, елге, Отанға деген ыстық сүйіспеншілік, сағыныш сезімі, көңіл күйлері, төрткүл дүние тынысы, өмір белестері, көркем тілмен кестеленген бір тұтас әлем көз алдына келіп тұра қалады.

Ақынның жан сыры ақ қағаз бетіне жыр жолдары болып түседі. Бүкпесіз. Шынайы. Әсерлі. Жасандылықтан ада. Алып ұшу, орынсыз өрекпу жоқ. Жас баланың көңіліндей аңқау, аңғал, кіршіксіз ақын жанының көңіл түпкіріндегі сырларын өлең жария етіп ашып қояды.

Әз анамдай ашады далам құшақ,
Бір жетісіп, тыңайып қалам күш ап.
Ауыл жаққа алаңдап жүрем ылғи,
Іссапарда жүрген бір адам құсап,– дейді «Ауылға хат» деген өлеңінде.

Ақынның «Толқындары Іленің», «Балқашым», «Шоңқабайдың жидесі», «Құмды өлкем», «Қаройым», «Бақанасым – өскен жерім», «Құм жыры», «Біздің балалық», «Ысқақ атам» және т.б. өлеңдерінен өзіңді, өзіңнің ауылыңды, ауылдастарыңды, тіпті, бала махаббаттарыңды тауып алып, нөсер жаңбырдың астында ақынмен бірге жүгіріп, айдын шалқар көлінде бірге жүзіп, өзенінің жағасында отырып, тәтті ойға шомасың…

Материалдың толық нұсқасын газеттің 13.05.2023 №52 (23 228) санынан оқи аласыздар. 

Мейіржан ТАПАШЕВ,
филология ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button