Шетелге шығудың бір талабы

    Апостиль терминімен шетелдерге уақытша немесе тұрақты мекен-жайын ауыстыратын азаматтар құжаттарын рәсімдеген кезде міндетті түрде жолығады. Апостиль – шетелге шығатын құжаттардың басқа елдерде түпқұжат екенін және құжатқа қол қойған адамның кім екендігін және тиісті жағдайда бұл құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын куәландырады. Апостильге қойылған қол мен мөр ешқандай растауды қажет етпейді.

1999 жылдың 30 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Гаага қаласында 1961 жылдың 5 қазанда жасалған Шетелдік ресми құжаттарға заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенцияға қосылды.

Бүгінгі күнде Гаага Конвенциясына әлемнің 138 мемлекеті еніп отыр. Осы Конвенцияға енген уағдаласушы мемлекеттердің бірінің аумағында жасалған апостиль басқа да уағдаласушы мемлекеттердің аумағында ұсынылуы тиіс ресми құжаттарға қолданылады.

17 сәуір 2015 жылғы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің №219 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету туралы Стандартына сәйкес, әділет органдары мен басқа да мемлекеттік органдардың және нотариустардың ресми құжаттарына апостиль қою «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ орталықтары арқылы баламасыз жүзеге асады.

ХҚКО-на өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күнінде (өтініш берілген күн есепке алынбайды) және «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы бір күн ішінде жүзеге асырылады.

Ресми құжаттарға апостиль қою үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мемлекеттік баж салығы алынады. Бүгінгі күнге баж салығы 1135 теңгені құрап отыр.

Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылдың 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 537-бабына сәйкес, мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.

Апостиль мөртабаны түзету енгізілген, өшірілген, құжаттың бетінде басқа да жазулары бар, мөрі жақсы көрінбейтін құжаттарға, нотариустың куәландыру мәтіні мәстілік мөртаңба қойған кезде қойылмайды. Мұндай жағдайларда өтініш беруші құжаттарын жаңалап, қайта өтініш жасай алады.

Қарағанды облысы Әділет департаментінің АХАТ жұмыстарын қамтамасыз ету бақылау және апостильдеу бөлімінде 2016 жылдың қорытындысы бойынша шетелге шығатын 3613 құжаттарға апостиль қойылды.

Н.МЕЙРМАНОВА,

Қарағанды облысы Әділет департаментінің АХАТ жұмыстарын қамтамасыз ету бақылау және апостильдеу бөлімінің жетекші маманы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.