АймақШет

Шет ауданының әкімі бұқара базынасын тыңдады

Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров ауданға қарасты кент пен ауылдық округ тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге аудан басшысымен бірге тиісті сала мамандары да арнайы қатысты.

Аудан әкімі кездесуді әуелі Ақшоқы, Талды, Нұраталды елді мекендерінен бастады. Мұнда тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың басым бөлігі жер алу, жұмысқа тұру мәселесі жайында. Сонымен қатар, қайтарымсыз берілетін грант мәселесіне қатысты сұрақтар та қойылды. Аудан басшысы осы секілді басқа да өзекті мәселелерге жауап беріп, берілген тапсырмалар жеке бақылауында болатынын баса айтты.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button