АймақШет

Шет ауданында ауыз су мәселесі шешімін тапты

Биыл Шет ауданында біршама мәселелердің түйіні шешілмек. Бұл жақтағы басты мәселе – ауыз су. Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар басталып кетті. Ақой, Ақшоқы, Ақбауыр, Қызылқой, Ақсу және Пикет ауылдарында су құбыры желілерін салуға бюджеттен қаражат бөлініп, Ақсу-Аюлы ауылына кәріз жүйесін салу үшін жобаның сметалық құжаты әзірленді. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Шет ауданына барған жұмыс сапарында ауданда болып жатқан оң өзгерістерді барлап қайтты.

Сурет: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, аудан орталығында 24 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталып кетті. Шет ауданы құрылыс бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Серік биыл 80 отбасыға пәтер кілті табысталатынын мәлімдеді. Ал, Ақадыр кентінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 12 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Аймақ басшысы ауданда болып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысып, көзбен көріп қайтты.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button