Облыс әкімі

Шахтиск межесі – 250 пәтер

Шахтинск қаласында кезекте тұрғандар үшін төрт көппәтерлі үй салынуда. Биыл қалада тұрғындарға 250 пәтер беріледі. Шаһардағы құрылыс нысандарының ахуалына облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК назар аударды. Аймақ басшысы құрылыс нысандарын аралап, дене шынықтыру-сауықтыру кешеніндегі жұмыстардың барысын тексерді.

Мердігер дене шынықтырусауықтыру кешенін биыл тапсыруы тиіс. Сыртқы жұмыстар мәреге жеткен. Енді ішкі әрлеу басталған. Су құбыры, кәріз, жылу желілері, электрмен жабдықтау жүргізілді.

Жұмыс сапары кезінде Жеңіс Қасымбек автовокзалда да болып қайтты. Ғимарат ұзақ жылдар бойы жолаушыларға қызмет көрсетпей бос тұрған еді. Тұрғындар оны қалпына келтіру мәселесін бірнеше рет көтерді. Қазір жылу беріліп, аумақ асфальтталды, шатырлап, сумен жабдықтау және су беру жүйелері жөнделуде.

– Алда әлі көп жұмыс бар. Бірақ, осы жылдың қазан айында жаңартылған автовокзал жолаушыларды қарсы алып, шығарып салуды бастайды деп үміттенеміз, – деп баяндады Шахтинск қаласының әкімі Әскербек Халтонов. Шахтинск ЖЭО жабдығын жөндеу жоспары туралы да айтылды.

– Қазіргі маңызды міндет – сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізу. Біз барынша қолдау көрсетеміз. Облыстық бюджеттен қазандықтар мен қосалқы жабдықтарды жаңғыртуға қаражат бөлінеді, – деп атап өтті облыс басшысы.

Аймақ басшысы металл бұйымдарын шығаратын «ТемирЛайн» ЖШС кәсіпорнында да болды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеме субсидияланған. Осылайша, зауыт өндірісті кеңейтіп, өнімдерін бүкіл Қазақстан бойынша нарыққа шығаруды бастады. Пандемия кезінде бұл қаланың экономикалық тұрақтылығына біршама әсер еткенін атап өткен жөн.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button