Спорт

«Шахтердің» нәтижесі көңіл көншітпейді

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы ел чемпионаты аясындағы соңғы ойынын өткізді. Қарағандылық клуб өз алаңында «Астана» клубын қабылдап, кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Сурет: “Шахтер” футбол клубының әлеуметтік желідегі парақшаснан алынды

Ойынның алғашқы бөлігі елордалықтардың пайдасына шешілді. 25-ші минутта жартылай қорғаушы Степан Лончар сол қапталдан шабуыл жасап, ортада жүрген әріптесі Владислав Прокопенкоға пас асырды. Оның да күткені осы болса керек, келген допты қақпаға бағыттады. Қақпада тұрған Игорь Шацкий жоғарғы жылдамдықпен ұшқан доп штангаға тиіп, қақпа кірді. Есеп – 0:1.

Дегенмен, жерлестер шабуылын тоқтатпады. 55-ші минутта Айдос Тәттібаев таразы басын теңестірді. Осылайша жерлестер биылғы чемпионатта 29 ұпаймен Х орынға табан тіреді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button