Спорт

«Шахтер» «Ақтөбені» жеңе алмады

Футболдан ел чемпионатының XV турында қарағандылық «Шахтер» клубы «Ақтөбені» өз алаңында қабылдап, 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

«Шахтер» фк

Ойынның алғашқы бөлігінде таблодағы есеп өзгермеді. Дегенмен, қос команда ойыншылары «сары» қағаз алып үлгерді. Алаң иелері сапынан Абылайхан Назимханов пен Юрий Перцух. Ал, қарсылас тарапынан – Аділхан Жаңжарықов.

49-шы минутта қарсылас команданың жартылай қорғаушысы Арман Кеңесов есеп ашты. Алаңға тыңнан қосылған ойыншы алаң иелерінің қорғанысын бұзып өтіп, қақпаға бағыттаған добы нәтижелі аяқталды.

Бұдан кейін де қос команда тарапынан шабуылдар болды. Алайда, ешқандай нәтиже тіркелді.

79-шы минутта «Ақтөбе» сапынан қорғаушы Әділхан Таңжарықов қайтадан  ойын ережесін бұзып, ойындағы екінші «сары» қағазын алып, алаңнан қуылды. Бұдан кейін жерлестердің есепті теңестіруге деген мүмкіндігі жоғары-тын. Алайда, ойынның соңына дейін таблодағы санды өзгерте алмады.   

– Өкінішке қарай, бұл мачқа негізгі құрам толық шыққан жоқ. Жарақатына байланысты негізгі құрамның қорғаушылары Стефан Букорак пен Кампо Мина алаңға шыға алмады. Ойыншылар бірін бірі дұрыс түсінісе алмады. Өткізіп алған гол да өз қателігімізден болды, – деді бас жаттықтырушы Игорь Солошенко.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button