Шағын шаһардың шаттығы
Жақында Балқаш қаласының әкімі Александр АГЛИУЛИН ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында шаһардың мерекеге әзірлігін тексерді. Аталмыш шараға мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындардың басшылары қатысты.
Қала басшысы мереке аясында қаладағы нысандар мен көшелерді безендіру жұмыстарын атқару кезек күттірмейтін мәселе екендігін алға тартты.
Оның ішінде Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерейтойына мемлекеттік органдардың, коммуналдық қызметтердің белсенді түрде атсалысуын міндеттеді. Мерекеге сәйкес, көшелер мен алаңдарды елбасының алуан түрлі қызметін әйгілейтіндей, тәуелсіздік пен демократия рухын танытатын плакаттар, стенділер, жарық беруші таблолар, билбордтармен безендіріп, жүйелі түрде халқымызды, жастарды отансүйгіштікке, бірлікке, қоғамдық келісімге шақыратын іс-шараларды ұйымдастыруды жүктеді. Мерекеден шағын және орта бизнес нысандарының да бейжай қалмауын, кәсіпкерлерді жұмылдыру және түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырды.
Қала әкімінің баспасөз қызметі.
БАЛҚАШ қаласы.