Үш жастағы Айару Болгариядағы арулар байқауына қатысады

Алматы қаласында өткен «Кішкентай мисс Қазақстан» байқауында теміртаулық Айару Амангелді топ жарып, көпшіліктің көзайымына айналды. Не бәрі үш жастағы   Айару енді Болгарияда өтетін халықаралық байқауға Қазақстанның атынан қатыспақ.

Алматы қаласында өткен байқауға 3 жас пен 17 жас аралығындағы кішкентай сұлулар қатысып, үш кезең бойынша бақ сынаған. Алғашқы кезеңде ұлттық киім, сән қойылымдары болса соңғы айналымды өз өнерлерін ортаға салыпты. Айарудың анасы Жанат Алдашеваның айтуынша, ол қызын кішкентай күнінен бастап  модельдер мектебіне берген екен. Алматы қаласына жолдама алған кезде қызының байқаудан топ жаратынына сенбеген екен. Өйткені байқауға еліміздің әр өңірінен өнерлі балалар қатысқан.

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.