Руханият

Құсбегінің құнды мұрасы

Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейінде де назар аударарлық жәдігерлер көп. Көне ғасырлардың көзіндей қорымдардан табылған жәдігерлерден бөлек, мұнда осы ғасырда дәстүрлі саятшылықты дамытып, дәріптеп жүрген құсбегілердің тапсырған заттары баршылық.

Арқадағы дәстүрлі құсбегілік мәдениетін жаңғыртушы, құсбегі, саятшы, өлкетанушы Тілеуқабыл Есенбекұлының қанжары мен бүркітінің томағасын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Қанжардың ұзындығы – 23,7 см, жүзі – 12,5 см, ені – 2,5 см. Басы болаттан соғылған, біржүзді, қимасы төртбұрыш түрінде. Сабы мүйізден жасалған. Сабының төменгі жағы екі иықша түрінде кеңейген, басы да кеңейтіліп жасалған. Қыны ағаштан жасалып, екі бөліктен тұратын ернеуі жез пластинкамен құрсауланып, шегелермен бекітілген. Оның ұштығы жезден жасалған. Қынның теріден жасалған құрсауына қайыстан ілмек тігілген.

Қыранның томағасын да Тілеуқабыл Есенбекұлы тапсырған. Бір кезде қыранының басына кигізген. Музейдің қор сақтау­шы маманы Бархыт Баяманова «мұндай жәдігерлерді дәстүрлі саятшылықты дәріптеу мақсатында қорға қабылдаймыз», – дейді.

– Бүркітті баптап, баулу үшін оның бала-шаға, итке, құсқа, қызылға ұмтыла бермеуі және жақындағанды шап беріп бүру қаупінен сақтану үшін томағалауға арналған. Томаға кигізгенде қолдағы бүркіт өз төңірегіндегі қызылды-жасылдан оқшауланады. Ата дәстүріміздің сақталуы үшін музей осындай жәдігерлерге баса мән береді, – деді Бархыт Баяманова.

Ерік НАРЫН,
«Ortalyq Qazaqstan»

Суреттер Шет аудандықархеологиялық-этнографиялық музейінен

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button