Спорт

«Сарыарқа» – жартылай финалда

Қарағандылық «Сарыарқа» ел чемпионатының плей-офф кезеңінде өз айдынында «Хумо» командасын қабылдап, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, жерлестер жартылай финалға жолдама алды.

Сурет: pro.ligasy.kz сайтынан

Қос команда турнирдің плей-офф кезеңінде алты мәрте кездескен. Оның төртеуі – жерлестердің пайдасына шешілген. Бұл жолғы ойын да алаң иелері үшін оңайға соқпады.

Әуелі есепті қарсылас команда ойыншылары ашты. 2-ші минутта – Василий Жилов, 24-ші минутта – Павел Синявский көзге түседі. Жерлестер тек үшінші айналымда ғана таразы басын теңестірді.

40-шы минутта Никита Жульдиков, 49-шы минутта – Глеб Зайцев есепті 2:2-ге жеткізді.

Овертайм уақытында алаң қожайындары сапынан Тимур Шингареев жеңіс шайбасын салып, командасын жартылай финалға алып шықты.

– Екі айналым бойы жігіттер жеңіліп жатты. Сол кездегі эмоцияны сөзбен жеткізе алмаймыз. Бірақ, үшінші айналымда мінез көрсетті. Мінездерінің арқасында таразы басын теңестірді. Біздің жігіттер плей-офф кезеңінде қалай ойнау керектігін көрсете алды. Осында қолдау білдіріп келіп отырған жанкүйерлерімізге мың алғыс! Жанкүйерлердің қолдауы үлкен әсер берді. Нәтижесінде, жігіттер овертайм уақытында қарсыластарынан айласын асырды. Қазіргі күйімізді сөзбен жеткізе алмаймыз. Ойын керемет өтті, – деді «Сарыарқа» хоккей клубының бас жаттықтырушысы Владимир Князев.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button