Спорт

«Сарыарқа» өз айдынында есе жіберді

Өткен жолы қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы ел чемпионатының плей-офф кезеңінде сырт алаңда «Хумо» клубын жеңген еді. Бұл жолы жерлестеріміз өз алаңында өткен қарымта ойында 1:5 есебімен есе жіберді.

Суреттер: клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Алғашқы айналымда қарсылас команда шабуылшысы Вадим Кравченко есеп ашты. Одан кейін 22-ші минутта – Иван Чурюканов, 26-шы минутта – Вадим Щегольков, 27-ші минутта Вадим Кравчиенко шайба салып, қос шайба авторы атанды. Екінші айналымның қорытындысы бойынша – 0:4.

Үшінші айналымның алғашқы минуттарында қарсылас команша қорғаушысы Юрий Козловский көзге түсті. Есеп – 0:5.

Бұл ойында жерлестер қарсыластарына тек бір голмен ғана жауап қайтарды. 49-шы минутта Ярослав Хрипков есеп ашты.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button