«Сарыарқа» қарсыластарын тізе бүктірді
Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы ел чемпионатының плей-офф кезеңінде «Хумо» клубын жолда қалдырды. Жерлестер өз алаңында өткен бірінші кездесуде 1:5 есебімен жеңіліп қалса, қарымта ойында есе қайтарды. Бұл жолы кездесу 3:1 есебімен жерлестердің пайдасына шешілді.
Алғашқы айналымда 2:0 есебімен алаң қожайындары есепте алға шықты. 6-шы минутта – Тимур Шингареев, 10-шы минутта – Дмитрий Стулов көзге түсті.
Екінші айналымда таблодағы есеп өзгермеді. Тек, 45-ші минутта «Сарыарқа» шабуылшысы Александр Коннов есепті 3:0-ге жеткізді. Бұл кездесуде «Хумо» клубы соғылған үш шайбаға тек бір ғана шайбамен жауап қайтара алды. 57-ші минутта Вадим Щегольков мергендігімен көзге түсті.
Плей-офф кезеңіндегі қос команда арасындағы төрт кездесудің үшеуінде жерлестер жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz