Жаңалықтар

Сарбаздар кредиттік демалыс ала алады

Әскери борышын өтеп жатқан сарбаздарға кредиттік демалыс биылдан бастап беріледі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің БАҚ-пен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы, подполковник Руслан Жангулин Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады, деп мәлімдеді Оrtalyq.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: exk.kz

– Мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаздарға кредиттік демалыс беру мәселесін қарастырып жатырмыз. Қаржы нарығын зерттеу агенттігі мен Қорғаныс министрлігі арасында тиісті меморандумға қол қойылды. Осы жылдан бастап әскери қызметін өтеп жатқан сарбаздарға кредиттік демалыс беріледі, – деді Руслан Жангулин.

Кредиттік демалысқа өтініш беру үшін банкке сарбаздың өзі баруы міндетті емес. Ол банктегі жұмысты атқару үшін жақын туыстарының біріне сенімхат бере алады. Сенімхатқа оның әскери бөлімде борышын өтеп жүргені туралы құжат негіз бола алады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button