Аймақ

Саран қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Саран қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Сағынбек Жаңбырбайұлы Бейскеев тағайындалды. Жаңа орынбасарды аппараттық кеңесте Саран қаласы әкімінің м.а. Алмас Сүлейменов таныстырды.

 

Сағынбек Жаңбырбайұлы 1985 жылы 13 қаңтарда Қарағанды облысы Приозерск қаласында дүниеге келген.

«Экономика», «Психология» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар, сондай-ақ музыкалық-педагогикалық білімі бар.

ҚР Қарулы күштері қатарында қызмет етті.

Приозерск қаласының өнер және спорт мектебінде жұмыс істеді, Приозерск қаласының жастар ресурстық орталығының директоры, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Приозерск қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Жалпы еңбек өтілі 20 жылдан асады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button