Ресми

Сапалы цифрландыру – сыбайлас жемқорлықты төмендету факторы

Әкімшілік кедергілерді төмендетудің және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырудың маңызды факторы цифрландыру болып табылады. Цифрлық даму мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін ғана емес, сонымен қатар азаматтың шенеунікпен тікелей байланысын және тиісінше «тұрмыстық» сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын қоспағанда, барлық рәсімдердің бюрократизациясыздығы мен ашықтығына кепілдік береді. Бұл азаматтардың өмірін едәуір жеңілдетеді. Мемлекеттік органдарға, халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінудің қажеті жоқ, өйткені талап етілетін құжаттар автоматты түрде ұсынылады.

Сурет biz.kz

«Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына (бұдан әрі-Бұйрық) сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ (ХҚКО) арқылы электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу, «Электрондық лицензиялау» веб-порталында авторландыру процесінен өту, қажетті мемлекеттік қызметті таңдау, өтініш беру үшін мәліметтер нысанын толтыру, мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту, Бұйрыққа сәйкес, және ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды оған «жеке кабинетке» тапсырған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

Порталдың жұмыс кестесі: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылдың 6 айында Басқармамен 35 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ, шағымдар түскен жоқ.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің барлық мәселелері бойынша Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына 8(72156)5-06-79 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Еркін БЕЙСЕМБАЕВ,
Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button