Ресми

Сан емес, сапа маңызды

Салалық басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады. Құзырлы мекеменің негізгі мақсаты – облыс аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Сурет: басқармадан алынды

Басқарудың негізгі функцияларына тоқталар болсақ, объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы нысандарда сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) нысандар мен кешендердің мониторингін жүргізу де назардан тыс қалмақ емес. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру уәкілетті мекеменің негізгі міндетіне кіреді. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу де біздің құзырымыздағы амалдар легі.

Басқарма өткен жылдың 12 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 1227 хабарлама қабылдады. Бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға аз (1328 хабарлама). 598 хабарламаны қабылдаудан бас тартты. Бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 45 пайызға аз (1086 хабарлама).

Салалық басқармаға 2023 жылдың 12 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 1898 актісін салыстырып, тексеруге өтініш қабылданған. 810-на салыстырып тексеру амалы жүргізілді. 1088-нен бас тартылды. Бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22 пайызға аз. Мәселен, 2270 акт, 683 бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 1587-нен бас тартылды.

2023 жылдың 12 айында басқарма 48 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді. Өткен жылы заңнаманы өрескел бұзғаны үшін 300 әкімшілік іс қозғалды. Нақтырақ тоқталайық. Мемлекеттік нормативтерді бұзу – 20 іс (14 037 000 теңге, 312-бап). Белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз нысандар – 19 іс (14 352 000 теңге, 314-бап). Атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу – 4 іс (345 000 теңге, 315-бап). Жобалау сметалық құжатынсыз және сараптамасыз – 76 іс (27 475 800 теңге, 316-бап). Авторлық және техникалық қадағалауды бұзу – 15 іс (6 713 700 теңге, 317-бап). Инжинирингтік қызметтерді бұзу – 7 іс (7 762 500 теңге, 317-1-бап). Объектілерді қабылдау тәртібін бұзу – 7 іс (1 259 250 теңге, 318-бап). Жерсіз заңсыз құрылыс – 4 іс (294 975 теңге, 319-бап). Үлестік құрылыс: 22 іс (18 388 500 теңге, 320-бап). Авторлық және техникалық қадағалаусыз – 95 іс (25 806 000 теңге, 321-бап). Пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау – 2 іс (207 000 теңге, 322-бап). Заңсыз пайдалану – 5 іс (279 450 теңге, 323-бап). Нұсқамаларды орындамау бағытында – 1 іс (1 531 500 теңге, 462-бап). Ескертусіз құрылыс – 22 іс (1 490 400 теңге, 463-бап).
Қозғалған әкімшілік істер бойынша 119 943 075 теңге сомасына айыппұл салынды. Оның ішінде басқарма 68 682 600 теңге салды. Өндіріп алу 62 848 650 теңге немесе 92% құрайды. Қалған 8% бойынша айыппұлды ерікті төлеу мерзімі әлі келген жоқ немесе ЖСО-ға жіберілді. Сот 51 260 475 теңге айыппұл салды.
2023 жылдың 12 айында 972 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 667 мемлекеттік қызмет. Бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11%-ға аз (603 мемқызмет). Сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 301 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстыр­ғанда 12%-ға артық (269 мемқызмет). Ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 4 аккредиттеу туралы куәлік берілді. Бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 60%-ға аз (10 мемқызмет).

Әр апта сайын азаматтарды жеке қабылдау жүзеге асырылады. Онлайн-режимде әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды толғандыратын сұрақтарға жауаптар беріледі. +7 /7212/ 43-22-43 сенім телефоны, хаттар мен өтініштерге арналған жәшік жұмыс істейді.

Басқарма қызметкерлерінің өтініш берушілермен байланысын, барынша азайту үшін лицензиялау бойынша мемлекеттік қызмет, құрылыс жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаларды қабылдау, аяқталған объектілерді енгізу бойынша салыстырып тексеру, өтініш берушілермен тікелей байланыссыз ақпараттық базалар арқылы ұсынылады. Басқарманың жұмысы турасындағы мәліметті, өзекті ақпаратты, заңнамалық база басқарманың ресми сайтынан оқуға болады.

Сержан АЙМАҚОВ,
облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button