Бас тақырыпЖаңалықтар

Самат Әбішке сот үкімі шықты

ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ермұрат Бапи әлеуметтік желідегі парақшасында Самат Әбіштің сотталғаны туралы жазба жариялады.

Сурет: kaz.orda.kz

– 26 ақпан күні Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбіш жабық соттың шешімімен 8 жылға шартты түрде сотталды, – делінген жазбада.

Самат Әбіш Қаңтар оқиғасына дейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болған. Осы жылдың қаңтар айында Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты іс сотқа берілгенін хабарлаған болатын. Мемлекеттік құпиялар бар болғандықтан тергеу деректері жария етілмейді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button