Ресми

«Салық төлесеңіз – қызмет көрсетіледі, инфрақұрылым салынады, қауіпсіз орта қалыптасады» – Президент

«Салық төлесеңіз – қызмет көрсетіледі, инфрақұрылым салынады, қауіпсіз орта қалыптасады, тың мүмкіндіктер пайда болады». Бұл жайлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында айтқан болатын.

Бүгінгі таңда мемлекет халықтың әл-ауқатын арттыру үшін сапалы білім, қолжетімді медицина, қауіпсіз жолдар, таза су, жарық және заманауи инфрақұрылым қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Мұның барлығы бюджет қаражаты арқылы іске асады. Ал бюджет — ең алдымен, салық түсімдерінің есебінен құралады.

Салық мәдениетінің қалыптасуы – өркениетті қоғамның басты белгілерінің бірі. Әрбір азамат пен кәсіпкер өз табысын заңды түрде көрсетіп, тиесілі салығын төлеген жағдайда ғана мемлекет тұрақты дамып, әлеуметтік міндеттемелерін толық орындай алады. Бұл өз кезегінде халыққа көрсетілетін қызмет сапасының артуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және инвестициялық тартымдылықтың өсуіне жол ашады.

Сондықтан салық төлеу – тек заң талабы ғана емес, туған елдің болашағына қосылған үлес, келер ұрпаққа жасалған инвестиция деуге толық негіз бар.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button